Құттықтаймыз!

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының ұжымы кафедраның аға оқытушысы Ораз Гулзат Тайырқызын 8D076-«Стандартизация және сертификация» бағыты бойынша «Өндіріске тиімді сапа жүйесін және сиыр еті классификациясын халықаралық стандарттар талаптарымен әзірлеу және енгізу» тақырыбындағы философия докторы (PhD) ғылыми дәрежесін алуға арналған диссертациясын сәтті қорғауымен шын жүректен құттықтайды.

Жұмыс КЕАҚ Қазақ ұлттық аграрлық университетінің Диссертациялық кеңесінде 2023 жылдың 25 желтоқсаны күні қорғалды (ғылыми консультанты т.ғ.д., профессор Оспанов А.Б., шетелдік ғылыми консультанты т.ғ.д., профессор Семенова А.А.).

Қол жеткізген жетістіктерімен тоқтап қалмай, алдағы уақытта да шығармашылық табыстар мен ғылым жолындағы жетістіктерге жете беруіне тілектеспіз! Алға қойған мақсаттарыңыздың барлығы орындалсын!

 2

3

Top