Мамандықты дұрыс таңдау – табысты өмірдің кілті

Кәсіби бағдар беру – шешімі табылуға тиісті өте күрделі кешенді мәселелердің бірі. Нәтижесі қоғамның экономикалық өміріне әсер етеді. «Мамандықтың жаманы жоқ, бірақ мұның кез келгеніне икемділік қажет, бұл жай күнелту, тамақ асыраудың ғана жолы емес, үлкен өнерді, зор шеберлікті қажет ететін нәрсе», – деп Ж.Аймауытов айтқандай, айтулы маман иесі боламын десек, алға ұмытылуымыз керек.

Мектеп бітіруші түлектерді дұрыс мамандықты таңдап, өмір жолына бағыттау мақсатында мамырдың16 жұлдызында, кәсіби бағдар жұмыстарын «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының доценті Г.Б.Джумабекова және аға оқытушы Л.Х.Юсупова, Жамбыл ауданымектептерінде белсене жүргізуде. Жұмыс барысында Жамбыл ауданының Б.Беспаев атындағы мектеп-гимназиясы, Қ.Өміралиев атындағы орта мектебі,   Тараз қаласынының білім бөілімінің №60 мектептерінде үгіт насихат іс-шараларын өткізіліп, түлектеріне қажетті ақпаратпен бөлісіп, буклеттер таратылды.

текстиль160511111

текстиль16052222

 

 

Top