Экстремизм мен терроризм мәселелері талқыланды

2023 жылы 8-ші желтоқсанда «Химия және химиялық технология» кафедрасының ббб 6В07115-«Химиялық инженерия және процестер» 1 курс  студенттерінің ұйымдастыруымен «Діни қауіпсіздік экстремизм мен терроризм көріністеріне қарсы іс-қимыл» тақырыбында ашық кураторлық сағаты дөңгелек үстел өтті.

Аталған іс-шараның мақсаты: жастар арасында діни экстремизм мен терроризм жайлы түсінік беру, діни ағымдардың қоғамға әсерін көрсету, әлемде болып жатқан террористік әрекеттер туралы ой түю және жастардың діни ой-санасын дұрыс бағытқа бұру.

Іс-шараға арнайы шақырылған қонақтар «Әлеуметтік психология» кафедрасының аға оқытушысы, педагогика және психология ғылымдарының магистрі Маханова Айгүль Нұрланқызы, Дулати университетінің әлеуметтік жұмыс басқармасының дінтану бойынша бас маманы Алпысбаев Бақтияр Қаржаубайұлы, Дулати университетінің медицина маманы медбике Батырғалиева Қорлан Серікқызы және медбике Кеңес Балнұр Сейтжанқызы, және 1 курс 6В07115-«ХИП», 6В05314-«Химия» топтарының студенттері мен кураторлары қатысты.

Шара барысында қазіргі қоғамдағы өзекті болып табылатын мәселе діни ахуалдың себеп-салдарлары мен жастардың көзқарастары жайлы тың мәселелер көтеріліп, оларды алдын-алу шаралары бойынша кеңестер берілді. Сонымен қатар, медицина саласының қызметкерлері салауатты өмір салтын сақтау жолдарын насихаттап студент жастарымызға өмірлік азық боларлық ақпараттарымен бөлісті. Кездесу соңында студенттер сұрақ-жауап айдары бойынша көкейлерінде жүрген сұрақтарымен бөлісіп, жауаптарын алды.

2

«Химия және химиялық технология»

кафедрасының аға оқытушысы

Кулбаева Д.А.

Top