ХVІ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ПӘНДІК ОЛИМПИАДА

2024 жылдың 23-24 мамырында АҚ Алматы технологиялық университетінің базасында Қазақстан Республикасы ЖОО студенттері арасындағы ХVІ Республикалық пәндік олимпиаданың 2-ші кезеңі өтті. 6В07211-«Инновациялық текстиль» білім беру бағдарламасы бойынша олимпиадаға біздің университеттің студенттері (Кенгесбаева Гулдерай Галимжанқызы, Абдрахман Гаухар Исаханқызы, Усипбекова Бақтыгүл Саматқызы) де қатысты.

Олимпиада болашақ мамандардың ерекше кәсіби қабілеттерін анықтау және дарынды студент жастарды қолдау мақсатында ұйымдастырылатындықтан, байқауға қатысудың маңызы жоғары. Жарыс нәтижесі бойынша біздің талантты және іскер студенттеріміз жалпы командалық І орынды иеленді, ал студенттердің жетекшісі, PhD докторы, аға оқытушы Сарыбаева Эльвираға олимпиада жеңімпаздарын дайындаудағы зор үлесі мен еңбегі үшін ұйымдастырушылар атынан Алғыс хат табыс етілді. Жеңімпаз студенттерімізге болашақта жаңа табыстар, даму және өркендеу тілейміз.

поб11111

поб22222

«Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының меңгерушісі, PhD Кауымбаев Р.Т.

Top