2024 жылдың 23-24 қазан айында әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде университеттің 90 жылдығына және академик Шалтай Смағұловтың 75 жыл толуына орай «Computational and Information Technologies in Science, Engineering and Education (CITech-2024)» атты халықаралық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті.
Іс-шараға Қазақстаннан, алыс және жақын шетелдерден белгілі ғалымдар, профессорлар жиналды. Конференция панельдік сессиялар аясында өтті, оның барысында ғалымдар ғылым, техника және білім саласындағы есептеу және ақпараттық технологиялардың өзекті мәселелерін талқылады.
Ғылыми конференцияға М.Х.Дулати атындағы Тараз университетінің «Қолданбалы математика және физика» кафедрасының оқытушылары - С.М.Киров атындағы Қазақ мемлекеттік университетінің (қазіргі Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті) түлектері: кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор М.Т.Кейкиманова, т.ғ.к., қауымдастырылған профессор Ю.Р. Крахмалева, ардагер, т.ғ.к. А.Т. Жақаш қатысты. «Mathematical and numerical modelling groundwater contamination processes»,
«Mathematical modelling of dynamic systems with two degrees of mobility and its solutions» тақырыбындағы докладтары конференцияның «Математикалық және компьютерлік модельдеу» секциясында тыңдалды.