Дөңгелек үстелдің мақсаты – мамандық таңдаудың ақпараттық негізін қалыптастыру; жастарды өздерінің мықты жақтарын белсенді түрде сынауға және мамандық таңдау кезінде моральдық позициясын анықтауға тарту мақсатында мектеп оқушыларының өздері, олардың ерекшеліктері мен қасиеттері туралы нақты түсініктерін қалыптастыру, 6В07222 – «Былғары бұйымдарының инновациялық технологиялары», 6В07116 – «Материалтану және жеңіл өнеркәсіп материалдары технологиясы», т.б.білім беру бағдарламаларын танымал ету.
«Ешкім жалаңаяқ жүрмейді» демекші, жеңіл өнеркәсіпті ғана емес, қазіргі әлемді киім мен аяқ киімсіз елестету мүмкін емес тұтас бір саланы айтамыз. Бұл жай сөз емес – жеңіл өнеркәсіптің күнделікті өмірде қаншалықты маңызды екенін еске салады.
Жеңіл өнеркәсіп Қазақстанның әлеуметтік-экономикалық дамуының негіздерінің бірі болып табылады. Ол халықты сапалы киім-кешек пен аяқ киіммен қамтамасыз етіп қана қоймай, жұмыс орындарын ашып, технологияларды дамытып, шағын және орта бизнесті нығайтады. Бүгінгі таңда жеңіл өнеркәсіп кәсіптерінің өзектілігі артып келеді. Қазіргі өндіріс тек жұмысшыларды емес, ақылды, шығармашыл, техникалық сауатты мамандарды қажет етеді. Жеңіл өнеркәсіп өнер, техника және технологияның қосындысы. Бұл – даралығыңызды танытып, ойыңызды шындыққа айналдырып, отандық өндірістің дамуына үлес қосатын сала.
Дөңгелек үстелді «Технолог» студенттік ғылыми үйірмесінің жетекшісі Джумабекова Г.Б құттықтау сөзімен ашты. Ол жоғарыда аталған мамандықтардың ерекшелігіне тоқталып, «Технолог» студенттік ғылыми үйірменің қызметімен таныстырды. Келесі кезекте «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының PhD докторы, қауымдастырылған профессоры Б.Абзалбекұлы «Жеңіл өнеркәсіп бұйымдарын модельдеудің 3D технологиялары» тақырыбындабаяндама жасады.
Кафедра оқытушылары: м.т.т., аға оқытушы Юсупова Л.Х. және м.т.т., оқытушы Байдильева А.Қ. шараға белсене қатысты. Олар мектеп оқушыларына «Технолог» студенттік ғылыми үйірме мүшелерінің жетістіктері туралы айтып берді. Олар Эразмус+ халықаралық жобасы туралы әңгімеледі. Зертхана меңгерушісі Бурдеева С.Н. «Shoes Centre» және «REILEAP» оқу кабинеттері мен зертханалық нысандарға экскурсия жасады.
Дөңгелек үстелде Тараз қаласындағы мектептердің 9-11 сынып оқушылары өз баяндамаларын жасады. Аталған іс-шараға белсенділік танытқан келесі мектеп оқушылары: Ә. Бөкейханов атындағы №1 мектеп-гимназиясының, Ғ.Мұратбаев атындағы №17 орта мектептің, А.Пушкин атындағы №41 мектеп-гимназияның, №47 орта мектептің, №67 «Жайлы мектептің» және т.б. оқушылары баяндама жасады Дөңгелек үстелдің барлық қатысушылары қатысу сертификаттарымен марапатталды.
«Текстиль,материалтану және стандартизация» каферасының PhD, доцент м.а. Джумабекова Г.Б.