Кәсіби бағдар жұмыстары

2023 жылдың желтоқсан  айының 7 күні «Текстиль, материалтану және стандартизация» кафедрасының PhD докторлары Г.Джумабекова, Б.Абзалбекұлы және аға оқытушылары  Л.Юсупова , А.Байдильдаева  Жуалы ауданындағы, Б.Момышұлы ауылының Д.Қонаев атындағы №10 мектеп- гимназиясына, №1 Ш.Мұртаза атындағы мектеп- гимназиясына,  №29 М.Жұмабаев атындағы орта мектебіне, А.Бөкейхан атындағы №15 лицей –мектебіне, №2 Мыңбұлақ орта мектебіне 11 сынып оқушыларына кәсіби-бағдарлау жұмыстарын жүргізіп, 2024 жылғы Ұлттық бірыңғай тестілеу ережелерімен және ҰБТ форматындағы өзгерістермен таныстырды.

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің барлық бағыттағы білім беру бағдарламалары бойынша, соның ішінде аталған кафедраға қарасты 6В07211 - «Инновациялық текстиль» және 6В07116 - «Материалтану және жеңіл өнеркәсіп материалдарының технологиясы», 6В07511 - Стандарттау және өнеркәсіпте сапаны басқару» және 6В07222 - “Былғары бұйымдарының инновациялық технологиялары” білім беру бағдарламалары бойынша толық түсіндірді. Мектеп түлектері университеттегі білім беру бағдарламаларына қатысты, туындаған сұрақтарын қойып, жауаптарын алды.

2

2

2

2

2

2

Кафедра окытушылары: Юсупова Л.Х., Джумабекова Г.Б., Байдильдаева А.К, Абзалбекулы Б.

Top