«ҚАРАҢҒЫ ҚАЗАҚ КӨГІНЕ, ӨРМЕЛЕП ШЫҒЫП КҮН БОЛАМ ... » СҰЛТАНМАХМҰТ ТОРАЙҒЫРОВТЫҢ 130 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ӘДЕБИ КЕШ

«Химия және химиялық технология» кафедрасының «6В05314-Химия» білім беру бағдарламасының 2 курс студенттерінің ұйымдастыруымен қазақтың көрнекті демократ ақыны Сұлтанмахмұт Торайғыровтың 130 жылдығына арналған «Қараңғы қазақ көгіне, өрмелеп шығып күн болам ... » атты әдеби кеш өткізілді.

Әдеби кеште 2 курс студенттері Кенжеева Оксана және Шәкір Әлия Сұтанмахмұт Торайғыровтың шығармашылық ғұмырнамасын бейнематериалдар мен фото-шежіре слайдтармен баяндап берді.

Сұлтанмахмұт Торайғыровтың жалынды жырларын Қалдыбек Амина, Усипова Аймен, Қалдыбекова Тансулу, Мамыр Мөлдір, Аубакиров Байғали, Курманбек Назерке, Өтегенова Махбал және Совет Эльмира  нақышына келтіріп жатқа оқыды. Ақын жырларын жай оқып қана қоймай, өлең мазмұнын, ақынның тілдік ерекшілігін талдады.

Ақынның басты шығармаларының бірі – «Қамар сұлу» романы үзіндісінен қойылым көрсетілді. Романның негізгі кейіпкері – Қамардың рөлін Тұрсынхан Бөтагөз, Ахметтің рөлін Самандаров Достан сомдады. Бұл қойылымда өмірдің мәні мен ұрпақтан-ұрпаққа берілетін құндылықтардың маңыздылығы туралы баяндалды.

Осылайша, бұл әдеби кеш жастарға көрнекті ақынның шығармашылығына құрмет көрсету ғана емес, сонымен бірге ақынның артында қалдырған мұрасы ұрпақтан ұрпаққа мәңгілік нұрын шаша беретініне сендіреді!

2

«Химия және химиялық технология»

кафедрасының қауымдастырылған

професоры, т.ғ.к.,

Сейтбекова Гульназия Аташбековна

Top