ҰЛЫСТЫҢ ҰЛЫ КҮНІ – НАУРЫЗ МЕЙРАМЫ
2021 жылдың 21 наурыз күні «Көне Тараз» тарихи-этномәдени кешенінің аумағында өткен қалалық Наурыз мерекесінде М.Х.Дулати қазақ үйінің сахнасында «Мәдениет және өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен жаңадан дүниеге келген нәрестеге ат қою, бесікке салу салттары бойынша сахналық қойылымдар көрсетілді. Көрініске «Мәдениет және өнер» кафедрасының оқытушылары мен студенттер қатысты.
Ат қою - жаңа туған сәби болашақта сыйлы, құрметті, үлкен адам болсын деген үмітпен ата-анасы жасы үлкен, сыйлы адамға ат қоюға қолқа салады. Жастардың әке-шешесі, ата-әжесі тірі болған жағдайда сәбиге атты солар қояды.
ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ БАҒДАРЛАМАСЫ БОЙЫНША ҚР ХАЛЫҚ ӘРТІСІ ЕРСАЙЫН ТӨЛЕУБАЙМЕН ОНЛАЙН КОНФЕРЕНЦИЯ
2021 жылдың 15 наурыз «Мәдениет және өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы және Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ҚР халық әртісі Ерсайын Төлеубайдын қатысуымен «Қазақ кино әліміндегі тарихи тұлғалар» атты онлайн конфернция өтті. Ерсайын Төлеубай Шәкен Айманов атындағы «Қазақ фильм», «Қырғыз фильм» кино студияларында бірнеше фильмдерге түскен актер. Сондай-ақ Қазақстандағы танымал драматург-режиссер. Бірнеше облыстық театрларында көркемдік жетекші, бас режиссер қызметтерін атқарған. Халық артисі.
ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА Ы.АЛТЫНСАРИННІҢ 180 ЖЫЛДЫҒЫНА АРАНЛҒАН «ҚАЗАҚ САХАРАСЫНЫҢ ҚОҢЫРАУЫ» АТТЫ ӘДЕБИ КЕШІ
өтетін орны: ГӘҒФ акт.залы
мерзімі:25/02/2021ж.
2021 жылдың 25 ақпанында «Мәдениет және өнер» кафедрасының 1 курс студенттері мен кураторы кафедра оқытушысы Жапаров Нүрғалидің ұйымдастыруымен ҚР Тәуелсіздігінің 30жылдығы аясында Ы.Алтынсариннің 180 жылдығына аранлған «Қазақ сахарасының қоңырауы» атты әдеби кеші өтті. Кешті «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультетінің деканы ф.ғ.к., Тұрарова Айсұлу Нұрдынқызы ашты. Әдеби кеште ұлы ағартушы, педагог, ғалым, жазушы Ы.Алтынсариннің өлеңдері оқылып және «Кел балалар оқылық» атты әдеби музыкалық композиция көрермендердің назарына ұсынылды. Мемлекеттік тілдің мәртебесін көтеруге бағытталған әдеби кештің жастар үшін берер тәрбиесі мол болды.
ҚР ТӘУЕЛСІЗДІГІНІҢ 30 ЖЫЛДЫҒЫ АЯСЫНДА «ЖАС МАМАН- 2021» ЖҰМЫС БЕРУШІЛЕРМЕН КЕЗДЕСУ ЖӘРМЕҢКЕСІ
өтетін орны: ГӘҒФ акт.залы
мерзімі: 25/02/2021ж
2021 жылдың 26 ақпанында ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында «Мәдениет және өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен биылғы жылы университет бітіретін түлектермен жұмыс берушілердің «Жас маман- 2021» атты кездесу жәрмеңкесі өтті. Іс-шараны «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультетінің деканы ф.ғ.к., Тұрарова Айсұлу Нұрдынқызы ашты. Іс-шараға К.Әзірбаев атындағы Облыстық филомонияның көркемдік жетекшісі ҚР мәдениет саласының үздігі, Шапағат медалінің иегері, «Мерей» продюсерлік орталығының директоры Мусапанов Әріпай Муханұлы, «Алатау» фольклорлық ансамбілінің көркемдік жетекшісі ҚР мәдениет саласының үздігі, көптеген халықаралық конкурстардың лауряты Дастан Көреген, Қазақ ұлттық-аспаптар оркестірінің көркемдік жетекшісі халықаралық конкурстардың лауреаты, Байзилдаев Дулат Боранбайұлы, Мұхтар Рахманқұлов ҚР еңбек сіңірген қайраткері, Жамбыл обл құрметті азаматы, «Балауса» цирк ұжымының жетекшісі Талғат Жорабекұлы Альчикенов, балетмейстр Айжан Қонарбаева, «Кәусар» вокалдық тобының жетекшісі Усенова Назима Әбдекерімқызы, Аскар Тоқпанов атындағы Облыстық қазақ драма театрының актеры Қырықбаев Жандар, Облыстық қазақ драма театрының жоғары дәрежелі әртісі Индира Мустафаева қатысты.
«АУҒАН СОҒЫСЫ АРДАГЕРЛЕРІНЕ ТАҒЗЫМ!» АТТЫ КЕЗДЕСУ КЕШІ.
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы аясында
Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына – 32 жыл толуына арналған «Ауған соғысы ардагерлеріне тағзым!» атты кездесу кеші.
өтетін орны: ГӘҒФ акт.залы
мерзімі:12/02/2021ж
2021 жылдың 12 ақпанында «Мәдениет және өнер» кафедрасының ұйымдастыруымен 15-ақпан Кеңес әскерінің Ауған жерінен шығарылғанына – 32 жыл толуына арналған «Ауған соғысы ардагерлеріне тағзым!» атты кездесу кеші өтті. Кешті «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі Кабиева Айгул Кабиқызы ашты. Студенттердің қатысуымен концерттік бағдарлама мен «Жауынгер хаты» атты театралдық көрініс қойылды. Кездесуге Ауған соғысының ардагері Құрманқұлов Талғат қонақа келіп, өз басынан өткен оқиғаларымен бөлісті. Кеш соңында студенттер арнайы дайындаған сыйлығын тарту етті.
ПСИХОЛОГТАРДЫҢ КЕЗДЕСУІ
27.02.21 жылы Гуманитарлық – әлеуметтікғылымдарфакультетінде "Қазақ және орыс тілдері" кафедрасының оқытушыларымен "Психология – болашақтыңмамандығы" аттытәрбиеіс-шарасыөткізілді.Іс – шараны кафедра доценті Асанқұлова Б.С., ағаоқытушы Калымбетова Н.П. ұйымдастырып, өткізді.
ПСИХОЛОГИЯ - БОЛАШАҚТЫҢ МАМАНДЫҒЫ
Адам жанын түсіне білу, оны зерттей білу - үлкен өнер. «Армансыз адам- қанатсыз құспен тең» дегендей, оқушылар мектеп бітірген соң, өзі армандаған бір мамандықтың иесі болады. Жас жеткіншектер мамандық таңдауда қателеспеуі керек. Мамандықты дұрыс таңдай білген адам: «Мамандығым - мақтанышым» дей отыра, сол мамандықтың қыры мен сырын меңгеріп, шыңына талпынатын болады. Мамандық - жай күнелту, ақша табу емес. Әр адам өз мамандығынан рухани күш алып, еңбектің рахатын көреді. Адам атақ-абыройға кенеледі. «Ұялмаған әнші болады, Ерінбеген етікші болады» деген халқымыздың даналық сөзі бар. Тіпті етікші болсаң да, өз ісіңнің шебері болуың керек.
АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯ ИГЕРУ - ӘРБІР ОҚЫТУШЫНЫҢ МІНДЕТІ
Қазіргі кезде егемен елімізде білім берудің жаңа жүйесі жасалып, әлемдік білім беру кеңістігіне енуге бағыт алуда.
ИННОВАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР –ҚАШЫҚТАН БІЛІМ БЕРУДІҢ БАСТЫ ҚҰРАЛЫ
Жамбыл облысы, Жамбыл ауданы, Бектөбе ауылында Амангелді орта мектебінің ұстаздарына 06.01.21 ж. мерзімінде «Қашықтан білім берудегі инновациялық технологиялар» тақырыбына Zoom платформасында «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» факультетінің оқытушылары ұйымдастыруымен аймақтық ғылыми-әдістемелік онлайн семинар өткізілді.
ҒЫЛЫМИ СИМПОЗИУМ ҚАТЫСУШЫЛАРЫ
Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университеті, Ресейдің білім академиясының «Психология институтымен» сабақтастықта ұйымдастырған ХХVІ Халықаралық «Өмір мәнінің психологиялық мәселелері мен акме» тақырыбындағы симпозиумның бесінші Қазақстандық жастар секциясы өтті.
Жиынға Дулати университеті «Психология» мамандығының 3-курс студенттері Назерке Оразқұл, Мөлдір Сейдазимова, 4-курс студенті Иван Потапенко, Жазира Сардаров қатысып, жүлделі 1-2 орындарды иеленді. Студенттер сәуір айында Ресейдің Москва қаласында болатын қорытынды кезеңге қатысу мүмкіндігіне ие болып, дайындыққа кірісіп кетті.
Студенттеріміздің ғылыми жетекшісі доцент Рысты Керимбаеваға шығармашылық табыстар мен ғылым жолында даярлаған шәкіттеріне жеңіс тілейміз.
Ұлмекен Жамирова
«Психология және педагогика»
кафедрасының меңгерушісі п.ғ.к
ҚҰТТЫҚТАЙМЫН
Гуманитарлық – әлеуметтік ғылымдар факультеті, «Мәдениет және өнер» кафедрасының меңгерушісі, ҚР мәдениет қайраткері, профессор Кабиева Айгүл Кабиқызы «Қазақстан халқы ассамблеясының 25 – жыл» төс белгісімен марапатталды.
«АБАЙ» ФИЛЬМІНДЕГІ РӨЛІ
Гуманитарлық – әлеуметтік ғылымдар факультеті, «Мәдениет және өнер» кафедрасының аға оқытушысы Еркебаев Дүйсебай жақында жарыққа шыққан режиссер Мурат Бидосовтың «Абай» атты фильмінде Тобықты руының ақсақалы кейіпкерін сомдады.
БІРІНШІ ОРЫНДЫ ИЕЛЕНДІ
Нұрсұлтан қаласында өткен «Mega Fest kz» халықаралық байқауында Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті, «Мәдениет және өнер» кафедрасының жасөспірімдерге арналған «Актерлық академия» оқушылары «Актер жанының сыры» атты шығармамен поэзия номинациясы бойынша Гран-при, ал «Үміт» атты шығармамен монолог номинациясы бойынша 1 орын алды.
КӘСІБИ БАҒДАР
21.12.2020 күні жоспар бойынша кәсіби бағдар беру мақсатында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті Қазақ және орыс тілдері кафедрасының аға оқытушылары З.А.Заурбекова мен Э.Қ.Құтымбетованың ұйымдастыруымен Жамбыл облысы Жамбыл ауданы Қызылқайнар ауылы Жасөркен орта мектебінің бітіруші түлектеріне кәсіптік бағдар беру жұмысы жүргізілді.
«POLYGLOT» КЛУБЫНА ҚОШ КЕЛДІҢІЗ!
Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінде "Шет тілдері" кафедрасы ай сайын "Polyglot"лингво-елтанымдық клубы аясында кездесулер өткізеді.
ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАН
Тәуелсіздік-бұл ата-бабамыздың маңдай терімен әкелген жеңіс.
ЖАТАҚХАНА ЖАСТАРЫ ЖАРЫСҚА ТҮСТІ
Жуырда жатақханада тұратын студенттер арасында ҚР Тәуелсіздік күніне арналған жарыс өтті.
Бұл жарысқа №1 және №2 жатақханаларда тұратын студенттер қатысты.
Жарысты университеттің спорт клубының жетекшісі Бекболат Шилібаев және "Дене тәрбиесі" кафедрасының оқытушылары ұйымдастырды: жарыстың бас төрешісі Жанар Бекбергенова мен бас хатшысы Гульчехра Рожко, төрешілер Косырева И.И., Камысбаева Ж.К., Мамыркулов, К.Токбергенов болды.
Жарыс дартс, секіртпемен секіру, жонглерлік ету спорт түрлері бойынша өтті. Нәтижесінде: жонглерлік ету бойынша I орынды Нұрай Раджапова (ГӘҒФ 1-курс), дартс бойынша I орынды Жарқынай Жарылқасын (ГӘҒФ 1-курс), II орынды Гүлбану Жолдасова (ГӘҒФ 1-курс)иеленді. Үшінші орынды Тораева Клара (ТФ-2 курс) алды. Секіртпе секіруден I орынды Жарқынай Жарылқасын, II орынды Гүлжамал Аккаева (ГӘҒФ 3-курс), үшінші орынды Клара Тораева (ТФ 2-курс) иеленді.
Жеңімпаздар мен белсенді қатысушылар грамоталар және дипломдармен онлайн марапатталды. Жарыс ұйымдастырушылары барлық жеңімпаздарды құттықтап, оқуда табыс және мықты денсаулық тіледі.
Жанар Бекбергенова, «Дене тәрбиесі» кафедрасының аға оқытушысы
«ТӘУЕЛСІЗДІК ЖЫЛДАРЫНДАҒЫ ТАРИХИ ЖАҢҒЫРУЛАР» АТТЫ ТӘРБИЕ САҒАТЫ
Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының аға оқытушысы З.А.Заурбекованың ұйымдастыруымен 7 желтоқсан күні «Тәуелсіздік жылдарындағы тарихи жаңғырулар» тақырыбында тәрбие сағаты өтті.
Подробнее ...
АБАЙДЫҢ ТАБИҒАТ ЛИРИКАСЫ
Биыл қазақтың мақтанышына айналған халқымыздың ұлы перзенті, ақын, ойшыл, ағартушы Абай Құнанбайұлының туғанына 175 жыл толды.
ҰЛЫ ДАЛАНЫҢ – ДАНАСЫ
Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті, «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының аға оқытушысы Р.Т. Султанбекованың ұйымдастыруымен және 1 курс студенттерінің қатысуымен 4 желтоқсан күні Абай Құнанбайұлының 175 жылдығына орай «Ұлы даланың - данасы» тақырыбында тәрбиелік іс шара өтті.
Тәуелсіздік Туралы Хабарлаушылар
Гуманитарлық әлеуметтік ғылымдар факультеті, Қазақ және орыс тілдері кафедрасының оқытушы Ж. Д. Қалиеваның ұйымдастыруымен заң факультеті білімгерлерінің қатысуымен «Желтоқсан желі ызғарлы» атты тәрбиелік іс-шара өткізілді.
ТӘУЕЛСІЗДІК КЕЗЕҢІНДЕГІ ЖЕТІСТІКТЕРІ
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің, қазақ және орыс тілдері кафедрасының оқытушылары Мансурова Г.Н., Макимова Г. Т. ҚР Тәуелсіздігінің 29 жылдығына арналған онлайн-тәрбие іс-шарасын өткізді.
КОРОНОВИРУС ІНДЕТІНІҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ
Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультеті «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының аға оқытушылары Букенова Ж.С. мен Омарова А.О. ұйымдастыруымен университеттің «Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар» және «Экономика және бизнес» факультеттері 1-курс студенттерінің қатысуымен ZOOM платформасында әлемді шарлаған короновирус індетінің алдын алу шаралары бойынша.
ТӘУЕЛСІЗДІК ТҰҒЫРЫ БИІК
4.12.20 жылы Гуманитарлық – әлеуметтік ғылымдар факультетінде "Қазақ және орыс тілдері" кафедрасының оқытушылары Асанкулова Б.С., Калымбетова Н.П. Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік тұғыры биік» атты ашық тәрбие іс-шарасын ұйымдастырды.
Аталғаніс-шараның мақсаты студент жастарының бойында азаматтық пен патриотизм негіз дерін қалыптастыру, өз Отанынадеген мақтаныш сезімін, туғанелге, оның тарихына деген құрмет пен сүйіс пен шілікті тәрбиелеу болыпта былады. Аталғаніс — шараны өткізу барысында ГӘҒФ 1 курс білімгерлері Асель Мирзабаева, Қымбат Бейсеналы "Менің Отаным-Қазақстан" атты презентация, бейнероликдайындап, еліміздің маңызды тарихи кезеңдерін көрсетті. Білімгерлердің орындауында қазақ және орыс тілдерінде өлеңдер оқылып, мемлекетіміздің тарихын білуге арналған брейн-ринг өткізілді.Іс - шара соңында студенттерге фрирайтинг әдісімен «Тәуелсіз Қазақстан» тақырыбына эссе жазу ұсынылды.