Ұйымдастырушы: аға оқытушылар Заурбекова З. А мен Ж. Д. Қалиева. Аталмыш іс-шараның мақсаты: білімгерлерді алдымен отансүйгіштік патриоттық сезімдерді қалыптастыру, қан майданда соғысқан батыр бабалар ерлігін дәріптеу, оны ұмытпай көпке насихаттау болып табылады. Іс-шара «Қазақ және орыс тілдері» кафедрасының аға оқытушысы Зинфира Асқарқызының Ұлы Жеңіс күніне арналған кіріспе сөзімен басталды. Іс-шара ары дайындалған сценарийі бойынша өрбіп, әр мамандық білімгерлері майданға қатысқан өз батыр бабалары туралы естелік-видоебаяндамаларына презентация жасады. Өз бабалары есімін ерекше атап айтып, майдандағы ерліктерін шайқас жолдарын мақтанышпен тебірене жеткізді. Оны жалындаған сөздерінен кеуде кернеген мақтаныш пен асқақ рухты жалғастырушы өздерінен анық байқадық. Келесі бөлімде білімгерлеріміз соғыс туралы, Ұлы Жеңіс күніне арналған поэзиялық шығармаларды жатқа айтты. Асқан адамгершілік пен темірдей төзім жан төзгісіз шыдамдылықпен, етігімен қан кешкен ерліктерін еліне, жеріне толғана жеткізді. Бір байқағанымыз әр білімгеріміз көз қуантып, жан сүйсінерліктей креативті ізденіспен ерекшеленді. Бұл әбден құптарлық әрі қуантарлық дүние. Себебі, білім ордамыздың ректор м. а Ержан Әмірбекұлы айтқандай, әр оқытушының, жалпы университеттің ұраны мен басым бағыты алдымен, адалдық, тазалық, креативтілік. Осы ретте өткізілген осы немесе өзге де іс-шараларда оқытушылар мен білімгерлердің өзара байланысы мен нәтижесінде аталған бағыттар толығымен жүзеге асты, әрі асырып жатырмыз деп нық сеніммен айта аламыз. Ары қарай, іс-шара соңы кафедрамыздың аға оқытушылары Заурбекова З.А, Омарқұлова Л. К, Қалиева Ж. Д майданға қатысқан өз батыр аталары жайында мемуар естеліктерімен бөлісті. Жалпы, Ұлы Жеңіс күніне аман-есен жетіп, бейбіт заманда өмір сүріп жатқан ұрпақтарының атынан майданда ел үшін шайқасқан батыр аталарымыздың рухына мың тағзым,жан қиярлық ерліктеріне де айтар алғысымыз мол деген қорытындымен іс-шараны аяқтадық.
ЖАНСАЯ ҚАЛИЕВА