ЖАҺАНДАНУ КЕЗЕҢІНДЕГІ ТІЛДЕРДІ ОҚЫТУДАҒЫ БАСЫМДЫҚТАР МЕН ЖАҢА БАҒЫТТАР
Жамбыл облысы әкімдігінің тілдерді дамыту басқармасының Тілдерді оқыту орталығының Ш.Шаяхметов атындағы ұлттық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен "Жаһандану кезеңіндегі тілдерді оқытудағы басымдықтар мен жаңа бағыттар" атты республикалық онлайн конференция өтіп, біздің университетіміздің атынан екі адам Шет тілдіері кафедрасының аға оқытушысы, тіл білімі магистрі Наурызбаева Айгүл Маратқызы және Филология кафедрасының аға оқытушысы, филилогия ғылымдарының магистрі Қалиева Жансая Дарханқызы қатысты.
ОЙ ЖАРЫСЫНАН СЫНҒА ТҮСТІ
Ұлттық ойынымыз тоғызқұмалақтан Дулати университетінің 1-курс студенттері арасында жекелей онлайн жарыс өтті. Жарысқа 14 студент қатысты. Қатысушылар белсенділік танытып, нәтижесінде 1-орынды Гулдерай Кенгесбаева (ТФ), 2-орынды Мұрат Орман (ФИТАТ), 3-орынды Әсет Тәкен (ГӘҒФ) иеленді.
ЖАЗУШЫ, ДРАММАТУРГ ЕЛЕН ӘЛІМЖАНМЕН КЕЗДЕСУ ӨТТІ
Бүгін жазушы, драматург, публицист, Қазақстан жазушылар одағы мен Журналистер одағының мүшесі, «Құрмет» орденінің иегері Елен Әлімжанмен онлайн форматта кездесу өтті. Кездесуге филология және журналистика кафедрасының профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері, Жамбыл облысы мен Тараз қаласының шығармашыл, әдебиетсүйер жастары қатысты. Ұйымдастырылған шарада Е. Әлімжанның шығармашылығы турасында кеңінен әңгіме қозғалды.
ҚҰТТЫҚТАУ!!!
16-17 сәуір күндері әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университеті 5В050300–Психология мамандығының Республикалық пәндік олимпиадасын онлайн форматта ұйымдастырып өткізді.
Факультеттің ресми электронды поштасының адресі
Ғасырлар биі
29.02. 2020 жылы Абай Құнанбаевтың 175 жылдық мерейтойына арналған Тармудың гуманитарлық – әлеуметті ғылымдар факультеті, «Мәдениет және өнер» кафедрасының жанынан құрылған «Belle Art» би ансамблінің шығармашылық есеп беру концерті болып өтті. Бағдарламада ежелгі грек елінің дәуірлік «Бастау» этнографиялық копозициясынан
Мемлекеттік тілді білу әр азаматтың парызы!
Қалалық мәдениет үйінде Тараз қаласы әкімдігінің мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің ұйымдастыруымен “Ана тілі – мемлекет тірегі!” атты тіл фестивалі болып өтті. Ол Халықаралық ана тілі күніне орай ұйымдастырылды.
Осыған орай өткізілген фестивальдың мақсаты-мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, сонымен қатар өзге ұлт өкілдерінің мемлекеттік тілді білуге деген қызығушылығы мен құрметін арттыру. Байқауға қаламыздың бірқатар оқу орындарының студенттері қатысты.
Байқау 3 кезеңнен тұрды. 6 адамнан құралған 7 команда алғашқы кезеңде өздерін мемлекеттік тілде таныстырса, екінші кезеңде өз ұлтының салт-дәстүрін, әдет-ғұрпын дәріптеді. Сондай-ақ қатысушылар өнерлерін ортаға салып, көрермендердің ыстық ықыласына бөленді.
Байқау қорытындысы бойынша 1 орынды Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің "Мәдениет және өнер" кафедрасының "Дулати жастары" халықтық студенттер театрының студенттері алды.
«Мәдениет және өнер» кафедрасының оқытушы-профессорлар құрамын және білімгерлерді осы женістермен құттықтаймыз! Келешектеде осындай биіктен көріне бірулеріңізге және шығармашылық талқыныстарыныздың арта беруіне шын ниетпен құттықтаймыз!
Саулебаева А.А.