Тәуелсіздік Туралы Хабарлаушылар

Гуманитарлық әлеуметтік ғылымдар факультеті, Қазақ және орыс тілдері кафедрасының  оқытушы Ж. Д. Қалиеваның ұйымдастыруымен  заң факультеті білімгерлерінің қатысуымен «Желтоқсан желі ызғарлы»  атты тәрбиелік іс-шара өткізілді. 

 

Іс-шара  тарихи оқиға бойынша дайындалған білімгерлердің бейнесюжетімен бастау алып,  студенттердің пікір алмасу арқылы жалғасты.  «ЖЕЛТОҚСАН құрбандарын еске алу» бейнесюжеттері  арқылы білімгерлер,  сол кездегі жастардың бойындағы отансүйгіш, ұлтжанды қасиет қалған ба, бүгінде біз де бар ма?!  Деген көпті ойландыратын көкейкесті сұрақ қойып,  қызу пікірталасты. Іс-шараның қорытындысы ретінде заң мамандығының білімгерлерлері  азалы  Желтоқсан жырларын асқан  тебіренділікпен жеткізе білді. Әсіресе ЛәззатАсанова, Қайрат Рысқұлбеков сынды желтоқсаншы жастардың ерлігін дәріптеп көрсетті. Іс-шараның мақсаты: білімгерлердің Желтоқсан құрбандарын еске алып, ол тарихи оқиғаның маңызын түсінуде өзіндік таным көкжейегін кеңейту,  ұлтжанды патриоттық тәрбие беру болу табылады.

Top