РУХАНИ КЕЗДЕСУ
Қазақ халқының мақал-мәтелдеріне, ел аузында жүрген сөз оралымдары мен өлең шумақтарынан имани ұғымдар мен ұстанымдардың жарқын мысалдарын таба аламыз.
Ислам діні - әлемдік діндер ішіндегі ең кең тараған қасиетті дін екені баршамызға аян.
Осыған орай 2022 жылдың 2-ші ақпан күні «Гуманитарлық әлеуметтік ғылымдар» факультетінің “Конвергенттік журналистика» ББ-нің студенттері Дінтану орталығының бас маманы, дінтанушы - магистр Алпысбаев Бахтияр Қаржаубайұлымен кездесу өткізді. Дінтанушы жас журналистерге ислам діні жайында сауатты ақпарат берді. Қазақтың салт-дәстүрі, ұлттық құндылықтар жайында да маңызда мәліметтермен бөлісті. Сонымен қатар діни экстремизм ,террорлық ұйымдар, жас буынның теріс ағымдарға еріп кетуі секілді көптеген мәселелер қозғалды. Студенттер көкейіндегі сұрақтарына жауап алды, бірқатар ақыл-кеңес алып, рухани әсерленіп тарқасты. Бахтияр Қаржаубайұлы сұхбатты «Сіз ислам діні жайында кімнің дәрісін тыңдайсыз?», «Қандай кітаптар оқисыздар?» деген қарапайым сұрақтар қою арқылы, жас студенттерге әлеуметтік желідегі теріс пиғылды ақпараттардан сақтануға шақырды, сондай-ақ студенттерге оқу оқып, ғылыммен айналысу керектігін баса айтты.