«ТҰҒЫРЫ БИІК ТӘУЕЛСІЗДІК» АТТЫ ІС-ШАРАЛАР МАРАФОНЫ МӘРЕСІНЕ ЖЕТТІ

Филология және журналистика кафедрасының ұйымдастыруымен Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай «Тұғыры биік тәуелсіздік» атті іс-шаралар марафоны 2020 жылдың 9 желтоқсанында бастау алған болатын.

«Тұғыры биік тәуелсіздік» атты іс-шаралар марафонының ашылу салтанаты Тәуелсіздік залында ұйымдастырылып, аталмыш іс-шараға Филология және журналистика кафедрасының бүгінде танымал, дарынды ақын түлектері қатысып, өздері жүргізіп, Тәуелсіздік күніне арнауларын жеткізген болатын.

5

Марафон 2021 жылдың қаңтар-қараша айлары аралығын қамтыды.  Іс-шаралар марафонының әр кезеңінде түрлі тақырыпта байқаулар өткізілді:  «Тәуелсіз елдің ұрпағымын» тақырыбы бойынша поэзия мен эссе байқауы, «Жаңарған Қазақстан» тақырыбынан бейнебайқау, «Тәуелсіздік және рухани жаңғыру» тақырыбында мақала байқауы, сонымен қатар «Тәуелсіздік: еркіндігім, қасиеттім, қастерлім» атты  ақындар айтысы. Аталмыш байқаулардың жеңімпаздары 2021 жылдың 15 желтоқсанында дипломмен марапатталды.  Поэзия мен эссе жанрлары бойынша жүлделі орынды иеленгендер: қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері Сәулебек Оспанжанұлы мен А.Т.Шакманова, Дулати университетінің 2-курс студенті А.Е.Насимуллина. Бейнеролик бойынша жүлделі орынды қанжығасына байлағандар: Асан Нұрдаулет пен Балғабайқызы Перизат (1-орын); Аманбек Нұрболат пен Жаманқара Аяулым (2-орын); Ершеева Арайлым мен Ниязбекова Ажар (3-орын). Ал айтыстан жас ақын Бәтей Аят жеңімпаз атанды.

Барлық жеңімпаздарды құттықтап, тәуелсіздікті жырлар тәуелсіз ақындарымыз аман, азаттығымыз баянды болсын дейміз!

2

3

4

Филология және журналистика кафедрасы

Top