Мақсаты – белсенді азаматтық ұстанымды, бүгінгі қоғамның қажеттіліктері мен үміттеріне жауап беруші, студенттердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыруға ықпал етуші тәрбиенің гуманистік, жоғары адамгершілік ортасын құру болып табылады. Міндеті – жастардың бойына патриоттық сезімін қалыптастыру, адамгершілік және рухани дамыту, жас таланттарды қолдау, студенттерді мәдени, ғылым және білім беру процестеріне тарту, олардың әлеуметтік құқықтарын қамтамасыз ету және білім деңгейін арттыру. Тәрбие – жеке тұлғаның адамдық бейнесін, ұнамды мінез-құлқын қалыптастырып, өмірге бейімдеу мақсатында жүргізілетін жүйелі процесс. Жоғарыда аталған «КЕДЕРГІЛЕРДІ АЛЫП БАЙЛАНЫС ОРНАТАЙЫҚ» атты студенттер арасындағы байланысты нығайту мақсатында өткізілген әдеби-сазды театралды кештің мақсаты адам бойында ізгілік, инабаттылық қасиеттерін және болашақта өнер, мәдениет саласының білікті мамандары болып қалыптасуының алғашқы қадамдары болып табылады.
КЕДЕРГІЛЕРДІ АЛЫП БАЙЛАНЫС ОРНАТАЙЫҚ
ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында «Мәдениет және өнер» кафедрасының «КЕДЕРГІЛЕРДІ АЛЫП БАЙЛАНЫС ОРНАТАЙЫҚ» атты студенттер арасындағы байланысты нығайту мақсатында өткізілген әдеби-сазды театралды кеш өтті.
2021 жылдың 22 сәуірінде ҚР Тәуелсіздігінің 30 жылдығы қарсаңында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Мәдениет және өнер» кафедрасының жоғарғы курс студенттері, 1курс студенттеріне арналған «КЕДЕРГІЛЕРДІ АЛЫП БАЙЛАНЫС ОРНАТАЙЫҚ» атты студенттер арасындағы байланысты нығайту мақсатында өткізілген әдеби-сазды театралды кеш өтті.
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Мәдениет және өнер» кафедрасының тәрбие жұмысы Мемлекеттік жастар саясатының негізгі стратегиялық бағыттарын іске асыруды көздейді.