Бұл мекемелердің есігіне қарияларды қатал өмір тағдыры айдап келетін жағдайлар да аз емес. Әр қайсының басында түрлі оқиға...Өкінішке қарай, перзент атаулының бәрі ата-анасын, ата-әжелерін алақандарында аялап отырған жоқ. Қазірде ата-анасына, туған-туысына қатыгездікпен қарайтын адамдар көбейіп келеді. Бір кем дүние...
Бірақ аталған Қарттар үйінде қарияларымыз үшін барлық қолайлы жағдай жасалған. Бейнетінің зейнетін көрер шақта төрт қабырғаға қамалып, терезеге телміріп отырудың өзі қиын. Жалғыздықтан жапа шегіп, зарыққанша, басқа қариялармен араласып, солармен бірге көңіл көтеруге де болады. Ішер ас, жатар төсегі де дайын. Денсаулықтарын дәрігерлер қадағалап тұрады. Бұл да олар үшін көмек.
Оқытушылар мен студенттерді көргенде, жас балаша қуанып, баталары мен алғыстарын жаудыртқан қарияларды көргенде, көзге жас, көңілге шер ұялады. Оларға қажеті біздің апарған ас-ауқатымыз бен киім-кешегіміз емес, тек адамның көңілі мен мейірімі ғана. Қарттарымыз жайлы қазыналы сөздерді айтуға шеберміз, әйтсе де ісімізде шалалық бар. «Атаңа не істесең, алдыңа сол келер»-деген халықтың дана сөзін жадымыздан сөндірмейік. Әр шаңырақтың қариясы өз отанында сый-құрметке бөленсін дегіміз келеді.
Б.Мырзабаева,
Филология және жуналистика кафедрасының аға оқытушысы