ОФИЦЕРЛЕРДІҢ ЖОСПАРЛЫ ОҚУ АТЫСТАРЫ
2021 жылдың 5 және 9 ақпан күндері «Айша-Бибі» оқу полигонының әскери атыс алаңында кәсіби дайындық жоспары мен оқу атыстарын өткізу кестесіне сәйкес әскери кафедра офицерлерінің Калашников АК-74 автоматынан және Макаров ПМ тапаншасынан жоспарлы атыстары өтті. Атыс жетекшісі қауіпсіздік шараларының талаптары және оқу атыстарының жаттығуларын орындау тәртібі туралы нұсқау өткізді.
Оқу атыстары әскери кафедра офицерлерінің кәсіби даярлық деңгейін арттыру мақсатында өткізіледі.
ТӘЖІРИБЕ АЛМАСУ
2021 жылдың 5 ақпанында тәжірибе алмасу мақсатында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасына Алматы қаласы Халықаралық ақпараттық технологиялар университеті әскери кафедрасының меңгерушісі, полковник Строков Евгений Николаевич келді.
Әскери кафедра басқарушысы полковник С.А. Мұқышев және әскери кафедра офицерлері кафедраның оқу материалдық базасымен, қару-жарақтарымен және әскери техникаларымен таныстырды.
Өз сапарының соңында полковник Е.Н. Строков барлық ұжымға Қарулы Күштер үшін запастағы офицерлерді даярлауда табыс тіледі.
ПОЛКОВНИК Б.С. ҚАЙЫРОВТЫҢ ӘСКЕРИ КАФЕДРАҒА КЕЛУІ
2021 жылғы 26 қаңтарда ҚР ҚМ әскери Білім және ғылым Департаменті техникалық және кәсіптік білім беру бағытының аға офицері, полковник Қайыров Бақтұр Сайранұлы әскери кафедраға келді. Әскери кафедраның басқарушысы полковник С.А. Мұқышев және әскери кафедраның офицерлері кафедраның оқу материалдық базасымен, қару-жарақпен және әскери техникаларымен таныстырды.
Өз сапарының соңында полковник Б.С. Қайыров профессор-оқытушылар құрамына болашақ запастағы офицерлерді даярлаудың жоғары деңгейін одан әрі қамтамасыз етуге тілек білдіріп, құрметті келушілер кітабына жазба қалдырды.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ҚАРУЛЫ КҮШТЕРІНІҢ ИНЖЕНЕРЛІК ӘСКЕРЛЕР КҮНІ
2021 жылдың 21 қаңтарында әскери кафедрада инженерлік әскерлер күні мерекесіне орай, запастағы подполковник Ж.П. Наурызбаевтың басшылығымен әскери кафедра қызметкерлерімен әңгіме жүргізілді.
Өз сөзінде ол бүгінгі таңда инженерлік әскерлер қазақстандық армияда маңызды рөл атқаратынын, бейбіт уақытта инженерлік бөлімшелердің әскери қызметшілері өздерінің кәсіби дағдыларын жетілдіретінін, ал әскери қызметте әскерлерді үздіксіз ұрыс жүргізу үшін барлық қажеттіліктермен қамтамасыз ететінін атап өтті.
ОФИЦЕРЛЕРДІ КӘСІБИ ДАЯРЛАУ
Бекітілген жоспарға сәйкес 2021 жылдың 5 қаңтарынан бастап әскери кафедраның офицерлік құрамымен кәсіби дайындық бойынша сабақтар басталды.
ЖАҢА ЖЫЛМЕН ҚҰТТЫҚТАУ
Әскери кафедра ұжымы Ұлы Отан соғысының ардагері М.С. Хайруллиннің жұбайын 2021 жаңа жылы мен құттықтады.
ЖАҢА 2021 ЖЫЛМЕН ҚҰТТЫҚТАУ!
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫ: ТӘУЕЛСІЗДІКТІҢ ТАРИХЫ МЕН ТАҒЫЛЫМЫ
Университеттің акт залында Қазақ халқының аты аңызға айналған ұлы Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына арналған Бауыржан Момышұлы: Тәуелсіздіктің тарихы мен тағылымы атты іс-шара болып өтті. Оған М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Басқарма төрағасы – ректордың м.а., педагогика ғылымдарының докторы, профессор М. Сарыбеков, ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, филология ғылымдарының докторы, профессор «Бауыржантану» ҒЗО-ның жетекшісі Мекемтас Мырзахметұлы, Қазақстан Республикасының еңбек сіңірген қайраткері, профессор, әскери ғылымдарының кандидаты, Қазақстан Республикасы және Ресей Федерациясының әскери ғылымдар Академиясының толық мүшесі Ким Серікбайұлы, Қазақстан Республикасы Парламенті Мәжілісінің депутаты, «Қазақстан ардагерлері» қауымдастығының төрағасы Бақытбек Смағұлұлы және әскери кафедра офицерлері қатысты.
КАДРЛАР ДАЙЫНДАУҒА-БІЗДІҢ ҮЛЕСІМІЗ
Тарихы терең әскери кафедрамызға – 57 жыл... Біз осы мерейтойымызға әскери кафедра ұжымы лайықты қошеметтеуге тұрарлық жетістіктермен келіп отырмыз.
БАУЫРЖАН МОМЫШҰЛЫНЫҢ ТУҒАН КҮНІНЕ ОРАЙ ӨТКІЗІЛГЕН ІС-ШАРАЛАР
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасында университет, колледж студенттері және орта мектеп оқушыларымен әскери-патриоттық тәрбиелеу бағыты бойынша іс-шаралар үнемі өткізіліп тұрады.
Қолбасшы, Кеңес Одағының Батыры, қазақ халқының аты аңызға айналған ұлы Бауыржан Момышұлының 110 жылдығына орай әскери кафедра офицерлері «Жеңіс» саябағындағы Бауыржан Момышұлының ескерткішіне гүл шоқтарын қойды. Салтанатты рәсімге қатысушылар қаза болған батыр жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.
ӘСКЕРИ КАФЕДРАНЫҢ ҚҰРЫЛУЫНА 57 ЖЫЛ
«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕАҚ әскери кафедрасының құрылғанына 57 жыл толуына орай, әскери кафедра басқарушысы, магистр, полковник С.А. Мұқышев қызметкерлердің қатысуымен әскери кафедраның құрылуына арналған жиналыс өткізді.
Жиналысты өткізу барысында магистр, полковник С.А. Мұқышев қызметкерлерге әскери кафедраны қалыптастырған басшылар туралы, әскери кафедра құрылуының бастауында тұрған офицерлер мен жетістіктер туралы айтып өтті.
«ҚАЗАҚ ВАЛЬСІНІҢ КОРОЛІ» 90 ЖАСТА!
«Қазақ вальсінің королі», ҚР Әнұранының автороарының бірі – Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жыл толуына орай, Түркістан облысының Түркістан қаласындағы жаңадан ашылған балалар саз мектебінің алдына ұлы композиторлың ескерткіші ашылу салтанатына облыс әкімі Өмірзақ Естайұлы Шөкеев қатысып, гүл шоқтарының қойылуымен аталған іс-шаралар мәресіне жетті.
Шәмші Қалдаяқовтың туғанына 90 жылдығына арналған іс-шаралар композитордың туған күні 2020 жылдың 15 тамызынан басталған еді. Шәмші ауылында композитор атындағы «Шәмші саябағы» ашылып, ескерткіш қойылды. Саябақтың төрінде мұражай ашылды.
БІЗ – ТӘУЕЛСІЗ ЕЛДІҢ ҰРПАҚТАРЫ...
« Тәуелсіздік алу – қиын, ал оны сақтап қалу одан да қиын ». Осы бір сөзді еліміздің тұнғыш президенті Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың салтанатты жиын-дарда халықымыздың қаперіне салып келеді. Бұл тектен-тек айтыл-маған сөз... Егер Тәуелсіздіктің 30 жылында еліміздің басынан өткен түрлі жағдайларды сараптай қарасаңыз, бұған анық көз жеткізер едіңіз.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІ
2020 жылдың 14 және 15 желтоқсанында ZOOM платформасында қашықтықтан «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні» тақырыбында онлайн-форматта әңгіме жүргізілді, оған әскери кафедрада оқитын екінші және үшінші курс студенттері қатысты.
Әңгімелесу барысында Қазақстанның мемлекеттілігінің тарихы, тәуелсіздік жағдайындағы елдің даму стратегиясы, жаһандану және өңірлік интеграция проблемаларының өзекті мәселелері талқыланды.
Әскери кафедраның офицерлері Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне арналған қабырға газетін шығарды.
МАТЕРИАЛДЫҚ ҚҰРАЛДАРДЫ ТҮГЕНДЕУ.
2020 жылдың 10 мен 15 желтоқсан аралығында басшылық құжаттарға сәйкес әскери кафедрада материалдық құралдарды түгендеу өтті.
Материалдық құралдарға түгендеу жүргізу барысында Комиссия құрамы техниканың, мүліктің және басқа да материалдық құралдардың бар-жоғын тексерді. Түгендеу 85395 әскери бөлімі өкілдерінің қатысуымен жүргізілді.
Түгендеу қорытындысы бойынша актілер жасалды ескертулер жоқ.
«ОҢТҮСТІК» ӨҢІРЛІК ҚОЛБАСШЫЛЫҒЫНА - 20 ЖЫЛ
2020 жылдың 12 желтоқсан күні өңірлік қолбасшылық құрылған күнінен бастап өзінің жиырма жылдығын атап өтті.
Салтанатты шараға әскери кафедра өкілдері запастағы полковник К.Ш. Сағымбаев және запастағы подполковник А.А. Дүйсенбаев қатысты.
Іс-шараны өткізу барысында С. Нұрмағамбетов пен Б. Момышұлы батырларымыздың ескерткіштеріне гүл шоқтары қойылды. Өңірлік қолбасшылық штабында ардагерлерге құрмет көрсетіліп, оларға мерекелік медальдар мен естелік кәдесыйлар табыс етілді.
АБАЙДЫҢ 175 ЖЫЛДЫҒЫНА АРНАЛҒАН ДИКТАНТ.
Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күні қарсаңында 2020 жылдың 10 желтоқсанында әскери кафедраның профессор-оқытушылар құрамы мен студенттері университет тарапынан ұйымдастырылған Абайдың 175 жылдық мерей тойына арналған жаппай диктант жазуға қатысты.
Іс-шараның мақсаты - сауаттылық деңгейін арттыру, Абайдың дүниетанымын кеңінен насихаттау, жастарды оның рухани мұрасына баулу.
ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТ КҮНІ-АЙТУЛЫ МЕРЕКЕ
Құрметті М.Х. Дулати атындағы өңірлік университетінің ұжымына!
Сіздерді ел өміріндегі орны бөлек мемлекеттік мереке - Қазақстан Республикасының Тұнғыш Президенті күнімен әскери кафедрасының ұжымы атынан шын жүректен құттықтаймын.
Подробнее ...
ӘСКЕРИ КАФЕДРА СТУДЕНТТЕРІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ КҮНІНЕ АРНАЛҒАН ҚАБЫРҒА ГАЗЕТІН ШЫҒАРДЫ.
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІ Н.Ә. НАЗАРБАЕВТЫҢ ТАРИХИ РӨЛІ,СІҢІРГЕН ЕҢБЕГІ МЕН ҮЛЕСІ
2020 жылдың 19 мен 24 қараша аралығында әскери кафедра студенттерімен ZOOM платформасында қашықтықтан оқыту форматында «Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті Н.Ә. Назарбаевтың тарихи рөлі, сіңірген еңбегі мен үлесі» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Отставкадағы подполковник, аға оқытушы Ұ.Ж. Жұмабеков Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың тәуелсіз егеменді мемлекеттің қалыптасуы мен дамуына қосқан тарихи рөлі, сіңірген еңбегі және орасан зор үлесі туралы айтып берді.
«МАСКҮНЕМДІК ЖӘНЕ НАШАҚОРЛЫҚ ОҚИҒАЛАР МЕН ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ КӨЗІ» ТАҚЫРЫБЫНДА СТУДЕНТТЕРМЕН ӘҢГІМЕ
2020 жылдың 12-17 қараша аралығында әскери кафедра студенттерімен маскүнемдік және нашақорлық оқиғалар мен қылмыстардың көзі, адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) - инфекциясын жұқтырудың ықтимал жағдайлары туралы әңгіме өткізілді.
Цикл бастығы запастағы подполковник Ж.П. Наурызбаев студенттерге есірткіні қолданудың салдары туралы айтып берді, сондай – ақ, ішімдіктің зиянды әсері туралы білімдерін айтарлықтай кеңейтіп, АИТВ инфекциясын жұқтырудың ықтимал жағдайларымен, оның алдын алу және пайда болу себептерін ашып берді.
«СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ» ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ЗАҢЫ
2020 жылы 9 қарашада әскери кафедра студенттерімен «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Қазақстан Республикасының Заңы тақырыбында цикл бастығы запастағы подполковник Д.Ж. Қалилаев парасаттылық пен адалдыққа тәрбиелеу негіздері, қоғамдағы сыбайлас жемқорлықтың таралуымен этикалық мәдениет деңгейі жөніндегі мәселелерді талқылады, сондай-ақ парасаттылықты ілгерілету үшін пайдаланылуы мүмкін әзірлемелермен таныстырды.
ПОЛИЦИЯҒА КӨМЕК КӨРСЕТУ ЖАСАҒЫН ІРІКТЕУ (ПККЖ)
28-30 қазан аралығында «М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕАҚ әскери кафедрасында полицияға көмек көрсету студенттік жасағының жетекшісі запастағы подполковник А. А. Дүйсенбаев жасақ құрамына енгізу үшін екінші курс студенттері арасында іріктеу өткізді.
Жетекші студенттерге оқу жылы бойы полицияға көмек көрсету студенттік жасағының жұмысы бойынша негізгі ережелерді жеткізді.
«СУИЦИД, ӘЛЕУМЕТТІК-ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ ҚҰБЫЛЫС РЕТІНДЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА СТУДЕНТТЕРМЕН ӘҢГІМЕЛЕСУ»
Әскери кафедра студенттерімен санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, «Суицид әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде, іс-әрекеттің себептері мен шарттары» тақырыбында әңгіме жүргізілді.
Әскери кафедраның аға оқытушысы отставкадағы подполковник У.Ж. Жұмабеков студенттерге күйзеліске төзімділікті арттыратын, психикалық денсаулықты нығайтатын және қолдайтын тиімді мінез-құлық стратегияларын, өзін-өзі реттеу техникасын ұсынды.