Әңгіменің мақсаты: қазіргі әлемде мәселенің өзектілігін көрсету, студенттердің өзін-өзі тану арқылы салауатты өмір салтына деген қызығушылығын ояту.
МАСКҮНЕМДІК ЖӘНЕ НАШАҚОРЛЫҚ ОҚИҒАЛАР МЕН ҚЫЛМЫСТАРДЫҢ КӨЗІ, АИТВ-ЖҰҚПАСЫН ЖҰҚТЫРУДЫҢ ЫҚТИМАЛ ЖАҒДАЙЛАРЫ
2021 жылғы 12 сәуірде аралығында әскери кафедра студенттерімен маскүнемдік және нашақорлық оқиғалар мен қылмыстардың көзі, адамның иммун тапшылығы вирусы (АИТВ) - инфекциясын жұқтырудың ықтимал жағдайлары туралы әңгіме өткізілді.
Отставкадағы подполковник Ұ.Ж. Жұмабеков студенттерге маскүнемдік пен нашақорлықтың адам мен қоғам үшін қауіптілігі туралы айтып, АИТВ-инфекциясын жұқтырудың ықтимал жағдайларымен таныстырды.