ӘСКЕРИ КАФЕДРА СТУДЕНТТЕРІ ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ «ҚОРҒАНЫС ТУРАЛЫ» ЗАҢЫМЕН ТАНЫСТЫ.

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Болашақ сардар» әскери-патриоттық клубының мүше студенттері Қазақстан Республикасының «Қорғаныс туралы» Заңымен қызу танысуда. Заңда билік пен басқару органдарының атқаратын міндеттері қамтылған. Заң бойынша мемлекеттік билік пен басқармалары өз қарамақтарындағы барлық мекемелердің іс-әрекеттері үшін жауап береді.

Конституция бойынша Отан қорғау мен ҚР ҚК-де қызмет ету әрбір қазақстандықтардың міндеті мен парызы. Мемлекет өз аумағының бүтіндігін, қолсұқпаушылығын, бөлінбеушілігін қамтамассыз етеді.

Қазақстан Республикасын қорғау – республиканың тәуелсіздігі мен аумақтық тұтастығын және өз шекараларына қол сұғылмаушылығын қамтамассыз етуге арналған саяси, әскери, экономикалық, экологиялық, және әлеуметтік – құқықтық сипаттағы мемлекеттік іс-шаралар жүйесі.

Әрбір Қазақстан азаматының халық алдындағы конституциялық міндеті – халықтың бейбіт еңбегін қорғау, әскери бөлімдер мен бөлімшелердің ұрыстық дайындығын нығайту  болып табылады.

Top