Оқу атулары

2020 жылғы 6 және 7 шілдеде «Айша Бибі» оқу полигонының әскери атыс алаңында қауіпсіздік шаралары мен санитарлық-гигиеналық талаптарды сақтай отырып, оқу жиынының студенттері Калашников автоматынан (АК-74) оқу атыстарының жаттығуын орындады.

Студенттер атыс қаруынан оқ атуды орындауға қажетті дағдыларды меңгерді.

Толығырақ

Студенттердің оқу жиынының басталуы

2020 жылдың 20 шілдесінде әскери кафедрада оқитын студенттер үшін оқу жиыны басталды. Коронавирус пандемиясына байланысты оқу жиынының теориялық бөлігі қашықтықтан, ал практикалық бөлімі (оқу атыстары, көлік жүргізу) оқу полигонында және әскери бөлімдерде жүргізілетін болады.

Оқытушылар онлайн-режимде қауіпсіздік шаралары мен сабақтарды өткізу тәртібі бойынша сабақтар өткізді.

Толығырақ

2020 жылдың оқу жиынына дайындық

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығына сәйкес 2020 жылдың 20 шілде мен 24 тамыз аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті әскери кафедрасының үшінші курс студенттерімен оқу жиыны өтеді.

Осыған орай, оқу жиынының бастығы запастағы подполковник М.Ф. Алибеков оқу жиынын өткізу және ұйымдастыру үшін, цикл бастықтары мен әскери кафедра оқытушыларына оқу материалдық базаны, әдістемелік құжаттарды және оқытудың техникалық құралдарын дайындауға тапсырма берді.

 

Толығырақ

Техникалық қарау

Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығының талаптарына сай және Тараз  гарнизоны бастығының бекітілген кестесі бойынша 2020 жылдың 10 мен 11 маусым аралығында  Тараз гарнизоны әскери полиция бөлімінің қызметкерлерімен М.Х. Дулати атындағы мемлекеттік университетінің әскери кафедрасында механикалық транспорт құралдары мен тіркемелеріне техникалық қарау өткізілді.

Тексеру барысында механикалық транспорт құралдары мен тіркемелерінің ақаулары анықталған жоқ. М.Х. Дулати атындағы мемлекеттік университетінің әскери кафедрасындағы ұсынылған техникалар техникалық қараудан өтті.

Толығырақ

Құттықтау

Құттықтау

Ұлы Жеңістің 75 жылдығына орай әскери кафедра басқарушысы полковник С.А. Мұқышев Ұлы Отан соғысының ардагері Хайрулин Миникасым Сангатуловичтің жұбайын осы айтулы мерекемен құттықтады.

Әскери кафедра ұжымы ол кісіге азық-түлік себетін табыс етіп, мықты денсаулық, амандық және ұзақ өмір тіледі.

Толығырақ

ӘСКЕРИ ПОЛИЦИЯ ӨКІЛІМЕН КЕЗДЕСУ

2020 жылғы 10 наурызда Тараз гарнизоны әскери полиция бөлімінің өкілі майор С.А. Асемкулов әскери кафедра студенттерімен «Қазақстан Республикасы Қарулы Күштері, басқа да әскерлері мен әскери құралымдары әскери қызметшілерінің әскери киім нысанын кию және айырым белгілерін тағу Ережелері» тақырыбында әңгіме өткізді, қоғамдық орындардағы жүріп-тұру, сондай-ақ жол жүру ережелері мен жаяу жүргіншінің міндеттеріне баса назар аударды.
Әңгіме соңында өкіл осы тақырып бойынша студенттердің қойған сұрақтарына жауап берді.

Толығырақ

8 Наурыз мерекесімен!

2020 жылдың 5 наурызында мереке қарсаңында әскери кафедраның ер азаматтары атынан республикадағы барлық әскери кафедралардағы және университеттегі әйел әріптестерге көктем мерекесімен құттықтау хаттары жолданды.
Сондай-ақ әскери кафедра Ұлы Отан соғысының ардагері Хайруллин Миникасым Сангатуловичтің жұбайын да дәстүрлі түрде құттықтады.

Толығырақ

Бірінші проректор Т.А. Толкынбаев әскери кафедрада болды

2020 жылдың 28 ақпанында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің бірінші проректоры Т.А. Толқынбаев әскери кафедраға барды.
Әскери кафедра басқарушысы полковник С.А. Мұқышев әскери кафедраның оқу материалдық базасымен, қару-жарақ және әскери техникамен таныстырды, сабақтарға қатысып оқу үрдісімен танысып қайтты.

Толығырақ

Әскери-патриоттық клуб студенттерінің іс-шараға қатысуы.

2020 жылдың 27 ақпанында М.Х. Дулати атындағы ТарМУ-дың мәжіліс залында Жамбыл облысының ғылыми-сараптамалық тобының кеңейтілген отырысы өтті. Отырыс төрағасы педагогика ғылымдарының докторы, профессор М.Н. Сарыбеков, тақырыбы: «Ұлттық келісім мен қазақстандық патриотизмді нығайтудағы этномәдени бірлестіктердің рөлі».

Толығырақ

СТУДЕНТТЕРДІҢ ҮНДІСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ МЕРЕКЕЛІК ІС-ШАРАЛАРЫНА ҚАТЫСУЫ

2015 жылдың қыркүйек айында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті мен Үндістан Ұлттық кадет корпусы арасындағы өзара ынтымақтастық, жастар алмасу бағдарламасы бойынша өзара әрекеттестік пен өзара түсіністікті нығайту аясында қол қойылған меморандумға және үнді тарапының шақыруы бойынша 2020 жылдың 15 мен 30 қаңтар аралығында оқытушы запастағы майор Қ.Ә. Оңалбеков және әскери кафедрада оқитын заң факультетінің 3 курс студенттері К.Т. Аширмухамедов, Ш.А. Аширмухамедов және гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің 3 курс студенті А.К. Ермеков Үндістан Республикасының күні мерекесіне арналған іс-шараларға қатысты.

Толығырақ

«Біз – Жеңістің мұрагеріміз» !

2020 жылдың 15 ақпан күні М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті әскери кафедрасының «Болашақ сардар» әскери-патриоттық клубының студенттері Б. Момышұлы атындағы «Жеңіс саябағында» өткен Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 75 жылдығына арналған «Біз – Жеңістің мұрагеріміз»! атты салтанатты іс-шараға қатысты.

Бұл іс-шараның негізгі атрибуты – Кеңес Одағының Батыры генерал-майор И.В. Панфилов атындағы 8-гвардиялық мотоатқыштар Режицский, Қызыл ту Ленин орденді, Суворов орденді дивизиясының Жауынгерлік Туының көшірмесін 5513 әскери бөліміне тапсыру болды.

Толығырақ

ИНТЕРНАЦИОНАЛИСТ-ЖАУЫНГЕРЛЕРГЕ АРНАЛҒАН ЕСКЕРТКІШКЕ ГҮЛ ҚОЮ

Кеңес әскерлерінің Ауғанстан жерінен шығарылғанына 31 жыл толу мерекесіне орай әскери кафедрада еске алу іс-шаралары өтілуде.
2020 жылдың 14 ақпан күні «Болашақ сардар» әскери-патриоттық клуб мүшелері Тараз қаласындағы «Ерлік» мемориалдық кешеніндегі интернационалист жауынгерлерге арналған ескерткішке гүл қойды.
Рәсімге қатысушылар қаза тапқан батыр-жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алды.

Толығырақ

ЕСТЕЛІК УАҚЫТТАН ДА ҚЫМБАТ

15 ақпан - интернационалист-жауынгерлерді еске алу күні, дәл осыдан отыз бір жыл бұрын Ауғанстаннан Кеңес әскерлерінің шектеулі контингентін шығару басталды. Осы атаулы күнге орай  әскери кафедрада 10-14 ақпан аралығында (студенттердің әскери кафедраға келу күндері) «Естелік уақыттан да қымбат» атты Ерлік сабақтары өткізілуде.

Толығырақ

Офицерлердің жоспарлы оқу атулары

85395 әскери бөлімінің «Айша-Бибі» оқу полигонының әскери ату алаңында кәсіби дайындық жоспарына және оқу атуларын өткізу кестесіне сәйкес 2020 жылдың 30 қаңтары мен 7 ақпаны аралығында Калашников автоматы мен Макаров тапаншасынан әскери кафедра офицерлерінің кезекті жоспарлы оқу атулары өтті.

Толығырақ

Өртке қарсы жаттығулар

     3 мен 5 ақпан күні әскери кафедрада өртке қарсы қызмет бойынша жауапты запастағы подполковник Ш.И. Отаралиевтың басшылығымен штаттан тыс өрт сөндіру командасы жаттығулар өткізді. Сабақ барысында штаттан тыс өрт сөндіру тобының және әскери кафедрадағы өрт кезіндегі бөлімшелердің жеке құрамының іс-әрекеттері пысықталды.

Толығырақ
Top