Ерлік сабағы

2023 жылы 4 мамырда жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мақсатында запастағы оқытушы полковник Қ.К. Ділдақұлов әскери кафедра студенттерімен "1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің тарихи маңызы"тақырыбында ерлік сабағын өткізді.

Ерлік сабағы-жастар арасында патриотизм рухын көтеруге бағытталған іс-шара.

Толығырақ

Әдебиет көрмесі

2023 жылғы 4 мамырда Отан қорғаушылар күні мен Жеңіс күні қарсаңында әскери кафедрада кітап көрмесі, газет-журналдарда жарияланымдар көрмесі ұйымдастырылды.

Көрме экспозициясында әскери кафедрада тарихи-патриоттық тақырыптағы деректі мұрағат материалдары, газеттер мен кітаптар, жауынгерлердің жанқиярлық батылдығы, Отан алдындағы жасалған ерліктері туралы баяндалады.  

Толығырақ

Оқу взводтары арасындағы байқау

2023 жылғы 2 мамырда Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына арналған іс-шараны мерекелеу қарсаңында әскери кафедрада «Әскери қызметке үздік даярлық конкурсы» өткізілді.

Толығырақ

Әскерилендірілген эстфета

Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 78 жылдығына және Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің құрылғанына 31 жыл толуына орай және студенттік жастарды әскери-патриоттық тәрбиелеу мақсатында гидрокешен стадионында әскери кафедрада оқитын М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті мен Халықаралық Тараз Инновациялық институты студенттерінің қатысуымен әскерилендірілген эстафета өткізілді. Әр командаға барлығы 10 адамнан тұратын 12 команда қатысты.

Толығырақ

«ЭКСТРЕМИЗМГЕ ҚАРСЫ ІС-ҚИМЫЛ ТУРАЛЫ» ДӘРІС

Әскери кафедрада 2023 жылғы 28 сәуірде «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» тақырыбында дәріс өткізілді. Дәрісті Тараз Басқармасының әскери полиция өкілі подполковник С. Әсемқұлов өткізді.

 Бұл дәрістің мақсаты студенттер мен қызметкерлерге Қазақстан Республикасының экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы қолданыстағы заңнамасының негізгі нормаларын жеткізу болды.

 Дәріс соңында әскери полиция өкілі әскери кафедра қызметкерлері мен студенттерінің сұрақтарына жауап берді.

Толығырақ

Дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні

2023 жылдың 24 сәуірінде Тараз өңірлік университетінің ақпараттық орталығында дүниежүзілік кітап және авторлық құқық күні атап өтілді.

Осы іс-шараның бас қонағы профессор Әбдіраманов Әбдіманап өзінің өмір жолы туралы айтып берді. Кездесу сұрақ-жауап форматында өтті.

"Adalkitap", "Lantarbooks", "Эвро", "Дарын" кітап-баспа өнімдерінің көрме-жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

Толығырақ

Еске алу дәрісі

2023 жылдың 21 сәуірінде оқытушы, отставкадағы майор Оңалбеков К.А. студенттерге «ҚР бірінші Қорғаныс министрі Халық Қаһарманы С. Нұрмағамбетов» тақырыбында дәріс өткізді. Өз сөзінде оқытушы ел үшін қиын уақытта армияны басқарған Сағадат Қожахметұлының өмірінен жарқын эпизодтар туралы айтты.

Соңында қатысушыларға «Қазақстандықтар - Кеңес Одағының батырлары» фильмі көрсетілді.

Толығырақ

Қазақ даласының даңқты ұлы

2023 жылдың 14 сәуірінде әскери кафедрада Қазақстан Республикасының Халық қаһарманы Қасым Қайсеновті еске алуға арналған іс-шара өтті. Өз сөзінде оқытушы, отставкадағы майор К. А. Оңалбеков студенттерді Қасым Қайсеновтың кітаптарымен таныстырып, оның батырлық өмірі туралы айтып берді.

Қорытындыда қатысушыларға «Қасым Қайсеновтің ерлігі» атты электронды презентация көрсетілді.

Толығырақ

Оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысы

2023 жылғы 17 сәуірде әскери кафедрада Жамбыл инновациялық колледжінің (52 студент) оқушыларымен әскери кафедраның өмірімен және қызметімен таныстыру өткізілді.

Кәсіптік бағдар беру жұмысы барысында оқушылары әскери кафедраға түсу тәртібімен және оқу материалдық базасымен танысты.

Толығырақ

Жарты ғасыр сапта

2023 жылы 31 наурызда «Химик» мәдениет үйінде отставкадағы генерал-майор Әбдіхапар Райымжанұлы Қазиевтің 70-жылдығына арналған салтанатты іс-шараға «Болашақ сардар» әскери-патриоттық клубының студенттері қатысты.

Толығырақ

Кәсіптік бағдар беру жұмысы

2023 жылдың 28 қаңтар мен 13 наурыз аралығында әскери кафедрада Тараз қаласының орта мектептерінің №51, №48, № 54, №57, № 56, №2, №8, №3, №18, №38, №39, №22, №5, №4, №7, №42, №3 оқушыларымен кәсіптік бағдар беру жұмысы басталды  

Мектеп оқушылары әскери кафедраға түсу тәртібімен және оқу материалдық базасымен танысты.

Толығырақ

«Суицид, әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде, суицидтік әрекеттердің себептері мен шарттары» тақырыбында студенттермен дәріс-әңгіме өткізу

2023 жылдың 20 наурызында әскери кафедра студенттерімен «Суицид, әлеуметтік-психологиялық құбылыс ретінде, суицидтік әрекеттердің себептері мен шарттары» тақырыбында дәріс-әңгіме өткізілді

Оқытушы запастағы полковник Д. Н. Ориненко студенттерге стреске төзімділікті арттыратын, психикалық денсаулықты, өзін-өзі реттеу техникасын қолдайтын және нығайтатын тиімді мінез-құлық стратегияларын жеткізді.

Бұл дәрістің мақсаты студенттердің бойында әлеуметтік мінез-құлық қаупін азайтуға ықпал ететін адамгершілік құндылықтар жүйесін қалыптастыру болып табылады.

Толығырақ

Наурыз – бейбітшілік пен жақсылықтың мерекесі

2023 жылдың 17 наурызында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының студенттерімен «Наурыз - бейбітшілік пен жақсылық мерекесі» атты мерекелік әңгіме өтті. Запастағы подполковник М.Ф. Алибеков НАУРЫЗ мерекесінің тарихын, оны Қазақстанда қалай атап өтетінін, қазақтың ұлттық дәстүрлерін, тағамдарын, ойындарын айтып берді. Әңгіме соңында барлығын Наурыз мерекесімен құттықтады.

Офицерлер дәстүр бойынша әскери кафедраның аумағына арша отырғызды және  қабырға газеті жасалды.

Толығырақ

Кәсіби бағдар беру жұмысы

2023 жылдың 11 наурызында М.Үркімбаев атындағы Жастар сарайында, әскери кафедраның цикл бастығы запастағы подполковник Д. Қалилаев Жамбыл облысы мектептерінің 10-11 сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру жұмысына қатысты.

Толығырақ

8-наурыз күнімен!

8 наурыз мерекесіне орай, әскери кафедраның ер азаматтары университет әйелдерін құттықтап, әскери кафедраларға құттықтау хаттарын жолдады. Сондай-ақ, Ұлы Отан соғысының ардагері Хайруллин Миникасым Санғатұлұлының жұбайын құттықтады.

Әскери кафедра офицерлері 8-наурыз мерекесіне арналған қабырға газетін шығарды.

Толығырақ

«Маскүнемдік пен нашақорлық – қылмыстар мен оқиғалардың көзі, АИТВ инфекциясын жұқтыруды тудыратын жайлар» тақырыбында студенттермен әңгіме өткізу

2023 жылғы 7 наурызында аралығында әскери кафедра студенттерімен «Маскүнемдік пен нашақорлық – қылмыстар мен оқиғалардың көзі, АИТВ инфекциясын жұқтыруды тудыратын жайлар» тақырыбында студенттермен әңгіме өткізілді.

Аға оқытушы запастағы полковник Н.К. Егезеков студенттерге есірткіні қолданудың салдары туралы айтып берді, алкогольдің зиянды әсері туралы білімдерін айтарлықтай кеңейтті,  АИТВ инфекциясын жұқтырудың ықтимал жағдайлары, оның пайда болу себептері туралы әңгімеледі.

Әңгіменің мақсаты: қазіргі әлемде мәселенің өзектілігін көрсету, студенттердің өзін-өзі тану арқылы салауатты өмір салтына деген қызығушылығын ояту.

Толығырақ

«Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасының Заңын студенттерге жеткізу

2023 жылдың  3 наурызында әскери кафедрада бірінші оқу жылының студенттеріне «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелері жеткізілді.

Аға оқытушы запастағы полковник С.В. Насекин студенттерді әскери қызметтің негізгі ережелерімен және әскери қызметшілердің мәртебесімен таныстырды.

Толығырақ

«Құқық бұзушылық пен суицидтің алдын алу» тақырыбында сабақ

2023 жылғы 22 ақпанда Тараз өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының алдын алу бөлімінің бастығы әділет подполковнигі С. Әсемқұлов пен бөлімінің офицері әділет капитаны Т. Далибаев әскери кафедрасының офицерлері және студенттерімен «Құқық бұзушылық пен суицидтің алдын алу» тақырыбында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.

Толығырақ
Top