Студенттермен дәріс-әңгіме өткізу

2023 жылғы 13 қарашада әскери кафедра студенттерімен «Суицид, әлеуметтік-психологиялық құбылыс. Суицид жасаудың себептері мен алғы шарттары» тақырыбында дәріс-әңгіме өткізілді.

Толығырақ

Ата аңызға айналған қаһарман

2023 жылдың 13 қарашасында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының студенттерімен Мәлік Ғабдуллинге Кеңес Одағының Батыры атағын берудің 80 жылдығына арналған «Ата аңызға айналған қаһарман» атты патриоттық сағаты өткізілді.

Іс-шараның мақсаты: студенттерді патриоттыққа тәрбиелеу, оларды Кеңес Одағының Батыры, жазушы, әдебиеттанушы, ғалым - педагог және профессор Мәлік Ғабдуллиннің өмірі және оның ерліктерімен таныстыру.

Толығырақ

Орта Азия мен Қазақстандағы Терроризм мен экстремизм

2023 жылғы 10 қарашада М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының студенттерімен «Орта Азия мен Қазақстандағы терроризм және экстремизм» тақырыбында дәріс өтті.

Толығырақ

Құқық қорғау органдарының қызметкерлерімен кездесулер өткізу

2023 жылғы 9 қарашада М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасында Тараз өңірлік гарнизоны әскери полиция басқармасының сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бөлімінің бастығы подполковник С.Ж. Әуелбековпен «Сыбайлас жемқорлыққа, қарсы күрес» және «Алкоголизм, нашақорлық және құмар ойындар» тақырыбында қызметкерлер мен студенттерге профилактикалық іс-шара өткізілді.

Толығырақ

«Маскүнемдік пен нашақорлық оқиғалар мен қылмыстардың көзі» тақырыбында студенттермен әңгіме

2023 жылғы 1 мен 8 қараша аралығында әскери кафедра студенттерімен «Маскүнемдік пен нашақорлық оқиғалар мен қылмыстардың көзі» тақырыбында әңгіме өткізілді.

Толығырақ

Республика күні

2023 жылғы 24 қазанда әскери кафедраның офицерлері мен «Болашақ сардар» әскери-патриоттық клубы студенттері Республика күніне арналған салтанатты іс-шараға қатысты.

Әскери кафедраның офицерлері қабырға газетін шығарды.

Толығырақ

Кітапханашы күні

Цикл бастығы, аға оқытушы запастағы подполковник Наурызбаев Ж.П. 2023 жылғы 24 қазанда М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің Кітапханалық-ақпараттық орталығы ұйымдастырған кітапханашылар күніне арналған іс-шараға қатысты.

Толығырақ

«Экстремизмге қарсы іс-әрекет туралы» тақырыбында студенттермен сабақ

2023 жылғы 16 мен 20 қазан аралығында әскери кафедра студенттерімен «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» тақырыбында таныстыру дәрісі өткізілді.

Цикл бастығы запастағы подполковник Д.Ж. Калилаев студенттерге Қазақстан Республикасының экстремизмге қарсы іс-қимыл саласындағы қолданыстағы заңнамасының негізгі талаптарын жеткізді.

Дәріс барысында экстремизм, экстремизмге қарсы іс-қимыл, экстремизмді қаржыландыру, экстремизмнің алдын алу, экстремистік іс-қимыл, экстремистік іс-қимылдарды ұйымдастыру, экстремистік материалдар, экстремистік топ және экстремистік ұйым сияқты «Экстремизмге қарсы іс-қимыл туралы» ҚР Заңының негізгі ұғымдары ашылды.

Толығырақ

Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды

2023 жылғы 20 қазанда әскери кафедрада студенттерімен «Ешкім де ештеңе де ұмытылмайды» атты патриоттық сағат өткізілді.

Іс-шара барысында Кеңес Одағының батыры Әлия Молдағұлова туралы деректі фильмдер, Ленинградты азат ету тарихы, слайдтар көрсетіліп, Әлияның хаттары, патриоттық әндер, өлеңдер оқылды.

Тыңдаушылар мен студенттер ұлы ата-бабалардың ерліктерін ұмытпау керектігі, солардың арқасында жер бетінде бейбітшілк орнағаны туралы рухани білім алды.

Ешкім де, ештеңе де ұмытылмайды.

Толығырақ

Рахымжан Қошқарбаевтың ерліктерін еске алу

2023 жылғы 19 қазанда әскери кафедра студенттерімен кеңес офицері, Ұлы Отан соғысының батыры Рахымжан Қошқарбаевтың өмірі мен қызметіне арналған іс-шара өтті.

Мақсаты: Р. Қошқарбаевтың ерлігін насихаттай отырып, студенттердің бойында патриоттық сезімді қалыптастыру.

Толығырақ

Қан беру-өмірді сақтап қалу!

2023 жылдың 17-18 қазанында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасының студенттері «Қан беру-өмірді сақтап қалу!» ұранымен қайырымдылық акциясына қатысып, өтеусіз негізде қан тапсырды.

Толығырақ

Студенттерді «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» ҚР Заңының негізгі ережелерімен таныстыру

2023 жылғы 9 мен 13 қазан аралығында студенттеріне «Әскери қызмет және әскери қызметшілердің мәртебесі туралы» Қазақстан Республикасы Заңының негізгі ережелері жеткізілді.

Цикл бастығы запастағы подполковник Ж.П. Наурызбаев тыңдаушыларды әскери қызметтің негізгі ережелерімен және әскери қызметшілердің мәртебесімен таныстырды.

Бұл дәрістің мақсаты студенттерге әскери қызметшілердің құқықтарын, міндеттерін және әлеуметтік қамсыздандырылуын жеткізу болды.

Толығырақ

ДАЛАЛЫҚ ЖАҒДАЙДАҒЫ ПРАКТИКАЛЫҚ САБАҚТАР

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының бекітілген сабақ кестесіне сәйкес бірінші оқу жылының студенттерімен «Жалпыәскери дайындық» пәні бойынша далалық жағдайда практикалық сабақтар басталды.

Толығырақ

«Әскерге бару - азаматтық борыш»

2023 жылдың 7 қазанында әскери кафедра студенттері «Әскерге бару - азаматтық борыш» деп аталатын өңір жастарының әскерге аттану рәсіміне қатысты.

Толығырақ

«Есімде... Мақтанамын!»

2023 жылғы 6 қазанда әскери кафедра студенттерімен Ұлы Отан соғысына қатысушы, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың өмірі мен қызметіне арналған іс-шара өтті.

Іс-шара барысында «От кешкен тағдыры» атты деректі бейнематериал ұсынылды, сондай-ақ көрермендердің назарына Мәншүк Мәметованың ерлігі туралы баяндайтын «Үзілген моншақ» слайд-шоуы ұсынылды.

Толығырақ

Қазақстан халықтарының тілдері күні

2023 жылғы 11-15 қыркүйек аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің әскери кафедрасында студенттермен Қазақстан халықтары тілдері күніне арналған іс-шаралар өткізілді.

Толығырақ

ӘСКЕРИ КАФЕДРАДА ОҚУ ЖЫЛЫНЫҢ БАСТАЛУЫ

Бекітілген сабақ кестесіне сәйкес әскери кафедрада жаңа 2023-2024 оқу жылы басталды.

Оқу күні жеке құрамның сапқа тұруы және әнұранды орындауымен басталды. Әскери кафедра бастығының орынбасары запастағы подполковник М.Ф. Әлібеков студенттерді оқу жылының басталуымен құттықтап, оқытушылар құрамымен таныстырды. Куратор-офицерлер студенттерге әскери кафедрада оқу тәртібін және сабақ өткізу кезіндегі қауіпсіздік шараларын жеткізді.

Толығырақ

2023-2024 жаңа оқу жылына дайындық

«М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті» КЕ АҚ әскери кафедрасының мәжілісінде әскери кафедра бастығы қауымдастырылған профессор,  полковник С. Мұқышев студенттердің 2022-2023 оқу жылының қорытындысын шығарды. Әскери кафедра қызметкерлеріне келесі 2023-2024 оқу жылына оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу үшін оқу материалдық базасын, әдістемелік құжаттамаларын және оқытудың техникалық құралдарын дайындау міндеттері қойылды.

Толығырақ
Top