2021 ЖЫЛҒЫ ОҚУ ЖИЫНЫНА ДАЙЫНДЫҚ
Қазақстан Республикасы Қорғаныс министрінің бұйрығына сәйкес, 2021 жылдың 2 шілде мен 10 тамыз аралығында М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті әскери кафедрасының үшінші курс студенттерімен оқу-жаттығу жиынын өткізу жоспарланған.
Оқу жиынының бастығы, запастағы подполковник М.Ф. Әлібеков әскери кафедраның цикл бастықтары мен оқытушыларына оқу жиынын ұйымдастыру және өткізу үшін оқу материалдық базасын, әдістемелік құжаттарды және оқытудың техникалық құралдарын дайындауды тапсырды.