Шет тілдері кафедрасы

Шет тілдері кафедрасы 

 

НОВОЖИЛОВА МАРИНА ВАРФОЛОМЕЙҚЫЗЫ,

кафедра меңгерушісі, п.ғ.к.

Байланыс телефоны: 8 (7262) 51-72-25

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Сүлейманов көшесі 7, 1.3-310

 

«Шет тілдері» кафедрасы 2004 жылдың қыркүйек айында үш қызмет көрсету кафедраларының негізінде құрылды. Кафедра университеттің тілдік емес мамандықтарына сабақ жүргізеді. 2013 жылдан бері кафедра меңгерушісі қызметін педагогикалық ғылымдардың кандидаты, доцент қ.а. Новожилова Марина Варфоломеевна атқарады.
Шет тілдері кафедрасының ПОҚ-ы тілдік емес мамандықтардың білімгерлеріне шет тілдерінен (ағылшын, неміс, француз) дайындық жүргізетін тәжірибелі оқытушылардан, ғылым магистрлерінен және жас мамандардан тұрады.
Кафедра құрамы оқу үрдісінің сапасын көтеру, жеке және өзіндік дайындықты күшейту мақсатында оқытудың жаңа әдістері және инновациялық технологиялар тиімді енгізуде.
Кафедраның оқыту пәндері бойынша оқу-әдістемелік кешені, оқыту және оқу-әдістемелік басылымдар, мультимедиялық өнімдер, компьютерлік-бақылау бағдарламалары, электронды оқыту курстары жасалып, жалғасын табуда.
Кафедра ПОҚ-тың ұсынысы бойынша жыл сайын Тараз қаласының ЖОО-да, колледждерінде және орта мектептерінде оқыту үрдісіне инновациялық технологияларды ендіру бойынша семинар-тренингтер өткізіледі.
Халықаралық қарым-қатынасты нығайту мақсатында кафедра ПОҚ-ы республикалық және халықаралық білім бағдарламалар және ұйымдармен: Қазақстандағы Британдық Кеңеспен, Америка Елшілігімен, Гете институтымен, Германиядағы ДААД қызметімен, «Білім–Орталық Азия» білім бағдарламасымен, «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ бағдарламасымен тығыз қарым-қатынас жасайды.
Кафедраның оқытушылары Қазақстанның ағылышын тілі оқытушыларының Ұлттық Ассоциациясының және Орталық Азия ағылышын тілі оқытушыларының Консорциумының  мүшесі болып табылады. Бұл кафедра ПОҚ-тың халықаралық симпозиумдарға, конференцияларға, семинарларға, курстарға, вебинарларға, тренигтерге, форумдар мен онлайн-бағдарламаларға қатысу мүмкіндігін береді.

Top