Психология және педагогика кафедрасы
ЖАМИРОВА УЛМЕКЕН ШАКИРБАЕВНА,
кафедра меңгерушісі м.а., к.п.н., доцент
Байланыс телефоны: 8 (7262) 50-00-70
E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.
Мекен-жайы: Сүлейменов көшесі 7, 1.3-410
«Педагогика, психология және тарих» кафедрасы 2000 жылы құрылған. 2008 жылдың қыркүйек айында «Орыс тілі және әдебиеті» мамандығының жабылуымен кафедраның атауы – «Педагогика және психология» болып ауыстырылды. 2009 жылы «Педагогика және психология» және «Тарих және әлеуметтану» екі кафедраның қысқару нәтижесінде «Педагогика, психология және тарих» кафедрасы болып біріккен. 2013-2014 жылдан бері «Психология және педагогика» кафедрасы болып бекітілді.
Кафедра психология маманғының бакалавр және магистрлерін дайындайды. Қазіргі уақытта кафедрада 2 профессор, 1 Ph.D., 6 ғылым кандидаттары және магистрлер қызмет атқаруда. Оқытушылар құрамы университеттің және факультеттің қоғамдық өміріне белсене араласып, кездесулер, «дөңгелек үстелдер» мен конференциялар ұйымдастыруына ат салысады. Сонымен бірге басқа ЖОО-мен бірге өткізілген шаралар да бар. Мәселен, әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетімен жасалған келісімшарт негізінде «Қазақстандық білім беру жүйесінде акмеологияның маңызы және тұлғаның дамуына психологиялық ықпалы» тақырыбында семинар-тренинг өткізілді.
Оқытушылар студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарына жетекшілік жасайды. Студенттердің ғылыми-зерттеу жұмыстарының нәтижелері бойынша соңғы үш жылда отандық және шетелдік ғылыми конференцияларға қатысып, жалпы саны 100-ден астам мақала жариялады. Сонымен қатар, 2013-2014 оқу жылында кафедраның студенті А.Нысаналиева «ҚР-ның тұңғыш Президенті» қорының шәкіртақысын жеңіп алды. Кафедра психология пәні бойынша 2014 жылы университетішілік пәндік олимпиада өткізді. Оның жеңімпаздары Республикалық пәндік олимпиадаға қатысып, жүлделі 2-орынды иеленді.
2013 жылдың наурыз айында п.ғ.к., доцент Г.С.Имамбекова Психология ғылымының Халықаралық академиясының корреспондент мүшесі болып сайланды (Ресей).
Кафедра 2013-2014 оқу жылының қорытындысын кешенді бағалау нәтижесінде «Факультеттің үздік кафедрасы» номинациясының жеңімпазы аталды. Ал 2014-2015 оқу жылының қорытындысын кешенді бағалау нәтижесінде «Психология және педагогика» кафедрасы университет ішінде «Үздік кафедра» номинациясының жеңімпазы атағымен марапатталды.
2015 жылы «Психология және педагогика» кафедрасының «Психология» мамандығының 3 курс студенті Сағындық Таңшолпан «Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті – Елбасы Қоры» стипендиясының иегері болды.
2014 жылы «Психология және педагогика» кафедрасына Білім беру сапасын қамтамасыздандыру тәуелсіз қазақстандық агенттігі «Институционалдық аккредитациялау туралы» куәлік берілді (Тіркеу нөмірі: ІА №0025, берілген уақыты 06.01.2014ж.).
Кафедра жетістіктерінің бірі – «ЖОО үздік оқытушыларының» болуы. 2014 жылы п.ғ.д., профессор Ж.Т.Сарыбекова «2014 жылдың жоғары оқу орнының үздік оқытушысы» атағының иеленді.
2014 жылы Жеткербаева Айдана Республикалық студенттік пәнаралық олимпиададан «Психология» мамандығы бойынша 2 орын жеңімпазы аталды.
2015 жылы «Психология және педагогика» кафедрасы мамандандырылған акредиттеу үрдісінде жоғары деңгейде дайындық көрсеткені үшін «Ең белсенді жұмыс тобы» атағымен марапатталды.
2015–2016 оқу жылының қорытындысын кешенді бағалау нәтижесінде «Психология және педагогика» кафедрасы «Ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша жылдық үздік кафедрасы» номинациясының жеңімпазы атағымен марапатталды.
2016 жылы Аймақтық менеджмент академиясы төралқасының шешімімен «Психология және педагогика» кафедрасының меңгерушісі, аға оқытушысы С.М.Үсенова «Гуманитарлық ғылымдардың дамуына қосқан үлесі үшін» А.Маслоу атындағы Алтын медальмен марапатталды.
Кафедрадағы студенттер жетістіктері де жыл сайын артып келеді. 2016 жылы студент-зерттеуші Т.Сағындық «Молодые. Дерзкие. Перспективные в 2016 году» атты үшінші байқауының жеңімпазы болды және 50000 тенге көлемінде сертификат алды.
2016 жылы «Психология» мамандығының 2 курс магистранты Жеткербаева Айдана құқық, экономика, гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар бағытында «Ең үздік ғылыми жұмыс» номинациясы бойынша 1-орынды жеңіп, дипломмен марапатталды.
2017 жылдың 1 – 6 қараша аралығында Ұлттық ғылыми-практикалық дене тәрбиесі орталығының ұйымдастыруымен өткізілген ІХ Жазғы универсиадасында «Психология» мамандығының 4 курс студенті Қойшыбай Назерке спорттық бағдарлаудан жүлделі І орынды жеңіп, арнайы дипломмен және медальмен марапатталды.
2017 жылы «Психология» мамандығының 2 курс магистранты Альмуратова Бақытжамал психология бағыты бойынша Алматы қаласында өткен ҚР Білім және ғылым минситрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының ұйымдастыруымен «Дарынды балаларға – талантты ұстаз» магистранттар арасындағы республикалық олимпиаданың ІІ дәрежелі дипломымен марапатталды. 2017 жылы Конрад Аденауэр атындағы саяси қордың степендианты болды және осы қор ұйымдастырған «Парламенттік демократия мен әлеуметтік экономика мемлекеттің конституциялық-шеңберліу негізі ретінде» семинарына қатысты. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Елбасы атындағы «Science Slam-Kazakhstan -2017» атты көпшілік презентациялық ғылыми жобаның финалист дипломына ие болды.
КАФЕДРА КЕЛЕСІДЕГІДЕЙ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША БАКАЛАВР ЖӘНЕ МАГИСТР МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАЙДЫ:
5В050300 - Психология (бакалавр)
6М050300 - Психология (магистратура)