Қазақстан тарихы кафедрасы

Қазақстан тарихы кафедрасы 

serikbaev ermekbai

 

СЕРІКБАЕВ ЕРМЕКБАЙ ҚОЙБЕКҰЛЫ

кафедра меңгерушісі, т.ғ.к., доцент

Байланыс телефоны: 8 (7262) 50-05-59

Мекен-жайы: Сулейманов көшесі 7, 1.3-208

 

М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінде «Тарих» кафедрасы 2004 жылы ашылды. 2006-2007 оқу жылынан бастап «Тарих», «Саясаттану және әлеуметтану» кафедралары бірігіп, гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінде өз алдына «Тарих және әлеуметтану» кафедрасы  болып құрылды.
Сол кездегі кафедрада «тарих», «әлеуметтану», «саясаттану» пәндерінен күндізгі және сырттай оқу бөлімдері бойынша қазақ және орыс тілдерінде Тараз мемлекеттік университетінің базалық білімі бар ең білікті оқытушы-профессорлық құрамы дәріс берді. Көпшілігінің халықаралық үлгідегі – Хаджеттепе университетінің (Түркия), Санкт-Петербург мемлекеттік университетінің, М.В.Ломоносов атындағы Мәскеу мемлекеттік университітінің (Ресей), А.Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінің дипломдары болған.
2007-2008 оқу жылынан бастап «Тарих және әлеуметтану» кафедрасы «Педагогика, психология және тарих» кафедрасы болып біріктірілді. 2013 жылдың 5 маусымында Қазақстан тарихын қайта зерттеуге байланысты Елбасының тапсырмасымен «Халық тарих толқынында» бағдарламасы бойынша  ведомоствоаралық мекемелер мен жоғары оқу орындары  ғалымдарының бірлескен жиынында 23 мемлекеттік оқу орындарында Қазақстан тарихы кафедрасын ашу туралы тапсырма берілді. Соның негізінде М.Х.Дулати атындағы ТарМУ-де 04.07.13ж. № 260 бұйрық бойынша «Қазақстан тарихы» кафедрасы ашылды. Кафедра меңгерушісі болып тарих ғылымдарының кандидаты, доцент Серікбаев Ермекбай Қойбекұлы тағайындалды.

  

КАФЕДРА КЕЛЕСІДЕГІДЕЙ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША БАКАЛАВР ЖӘНЕ МАГИСТР МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАЙДЫ:

5В020300 - Тарих (бакалавр)

6М020300 - Тарих (магистратура) 

Top