2013-2014 оқу жылында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің ректоры М.Н Сарыбековтың бұйрығымен «Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі» кафедрасы құрылды. Кафедра Гуманитарлық-әлеуметтік ғылымдар факультетінің құрамына кіреді. Кафедра меңгерушісі спорттық гимнастикадан КСРО спорт шебері, ҚР ұлттық дәрежедегі төрешісі Қасымов Сұлтан Берікұлы. «Дене тәрбиесінің теориясы мен әдістемесі» кафедрасы 6B01421 - «Дене шынықтыру және спорт» мамандық бойынша бакалаврларды дайындайды. Кафедрада Касымов Сұлтан Берікұлы – ҚР Құрметті спорт қызметкері, доцент м.а., Кобер Иван Христьянович - п.ғ.к., профессор, Құралбаев Қуат Бекбергенович - м.ғ.д., профессор, Умирбаев Қалдыбек Амантайұлы – ҚР құрметті спорт қызметкері, доцент м.а., Далибаев Балжан Тоқтамысұлы – аға оқытушы, Макарова Елена Александровна –аға оқытушы, қара белбеудің иегері I дана таэквандодан ITF, Баялиев Рахым Жамбылбекұлы – аға оқытушы, «Психология және педагогика» магистрі, Мамыркулов Рахат Құдабайұлы – аға оқытушы, «Бастауыш оқытудың педагогикасының және әдістемесінің» магистрі, Махамбетов Ерик Оралбекұлы - аға оқытушы, каратэдан спорт шебері, республикалық дәрежедегі төреші, Мустафина Каниса Кайсарқызы – аға оқытушы, магистр, Шарипова Гульнара Калдигуловна – аға оқытушы, Букенов Малибек Жапарович - аға оқытушы, Умаров Асылбек Хожалиевич - оқытушы, магистр, Әлімбекова Анар Үмбетәліқызы - аға оқытушы, магистр, Әлімбек Ақерке Әлімбекқызы – дзюдо күресінен ҚР спорт шеберіне үміткер, оқытушы, дене шынықтыру және спорт магистрі сынды оқытушылар білікті маман дайындауда өз үлестерін қосып келеді, Бубеев Әділет . Кафедраның оқытушылары Мемлекеттік бюджеттік «Дене тәрбиесі білімінің көкейкесті проблемалары» тақырып бойынша ғылыми-зерттеу жұмыс жүргізуде. Университетіміздің спортшылары үлкен жетістіктерге жетіп, биік белестерді бағындырып келеді. ҚР ЖОО студенттері арасындағы Универсиадасының бағдарламасы бойынша соңғы үш универсиадаларда жалпы командалық жүлделі үшінші орынды иеленді. Халықаралақ, республикалық, облыс, қала көлемінде және оқу ордамызда өтіп жатқан көптеген спорттық жарыстарға қатысып, жоғары нәтижеге жеткен студенттерімізді мақтан тұтуға әбден болады. Спорттың бокс түрінен ҚР ЖОО студенттерінің IХ жазғы Универсиадасында Әбілхайыр Тұрланбеков жеке біріншілікте жеңімпаз, Мадиев Ермек - жеке біріншілікте жеңімпаз, Мирас-Әли Сарсенов жеке біріншілікте және командалық есепте күміс жүлдегер, Болат Қуатов жеке біріншілікте және командалық есепте күміс жүлдегер, Айбек Дайрабай жеке біріншілікте және командалық есепте күміс жүлдегер, Әділет Әділбеков жеке біріншілікте қола және командалық есепте күміс жүлдегер, Әлімжан Бескемпір, Айгерім Ошақбай, Жанна Мамырбек жеке біріншіліктің жеңімпаздары атанды. Әбілхан Аманқұл Азия біріншілігінің қола жүлдегері, Әлем Чемпионатының күміс жүлдегері болды. Дзюдодан да студенттеріміздің жеткен жетістіктері бір төбе. Мәселен, жазғы универсиадада Азинат Хажу, Айгерім Мұратәлі, Гауһар Дүкенбай, Ләйла Ақмолда, Аслыжан Құдаева, Арайлым Кәрібай жеке біріншілікте қола жүлдегерлер атанса, Аида Карчаева күміс жүлдені қанжығаға байлады, әрі самбодан Әлем чемпионатының қола жүлдегері. Ақмарал Ерназар универсиадада жеке біріншілік жеңімпазы атанып, самбодан чемпиондық дәрежеге ие болды. Сондай-ақ, осы спорт түрінен Данияр Ұлданбек, Өркен Исаев, Сейфулла Маденов, Азамат Байназар біршама жетістіктерге қол жеткізіп, жүлделі орындардан көрінуде. Қазақ күресінен Айтбек Нұрсұлтан ҚР біріншілігінің жүлдегері, Халықаралық турнирлердің қола және күміс жүлдегері атанды. Грек-рим күресінен Рамазан Елубаев, Ерлік Елубай, Абылайхан Сәлімжан деген спортшыларымыз өз жеңістерімен қуантып келеді. Каратэ додан Ерболат Жұмабеков, Әлоронби Базарбай, Тойбек Аманжолов, Айжан Қапанова, Түменбай Шаттық біраз белестерді бағындырды. Таеквондодан Елдос Ысқақ, Рабиль Сағитжанов, Бауыржан Мырзабаев, Бағдәулет Қырғызбаев, Бибарыс Жарылқасын, Темірлан Сәрсенәлиев, Шәмші Шәбденбеков, Фатима Сұлтанбекова, Дана Кеңес, Сымбат Кәрібаева, Аида Қалмахан, Жадыра Серікбай сынды ұл-қыздарымыз оқу ордамыздың намысын абыроймен қорғап жүр. Футболдан Бауыржан Жұмабай, Жандос Қуандықов, Темірлан Пернебек, Анвар Исабаев, Әбділдә Өтепбергенов, Жандар Жанғалиев, Андрей Пак деген жігіттеріміз өздерінің осал емес екендерін дәлелдеп келеді. Еркін күрестен Жалғас Сегіз, Нұрдәулет Әжіқұл Халықаралық турнирлерден олжалы оралуда. Қол күресінен Анастасия Дрыгант үш дүркін Азия чемпионы, ҚР чемпионатының төрт дүркін жеңімпазы, ҚР Кубогінің иегері атанып, ел мерейін үстем етті. Айгерім Қараманова Әлем Чемпионы. ҚР жастар құрама командасының мүшесі. Жазғы универсиададан 1-ші орынды жеңіп алған болатын. Сондай-ақ, Диана Жақсылық пен Асхат Бейсараш осы спорт түрінен универсиадада сынға түсіп, 3-ші орын иеленді.Кикбоксингтен Қуандық Мархабаев, Ерсайын Шазинда, Тынышбек Тоқтарбаев сынды спортшыларымыз жүлделі орындарымен жанкүйерлерін қуантып келеді. Президенттік көпсайыстан Андрей Портнягин, Айдын Жапар, Рүстем Бабаханов жүлделі орындардан көрінуде. Қазіргі таңда унивеситетіміздің 6 боксшы студенттеріміз «Астана-Арланс» кәсіпқой бокс клубының құрамында Әлемдік WSB сериясы бойынша еліміздің намысын қорғауда. Атап айтқанда: Аманқұл Әбілхан – ҚР ұлттық құрама командасының мүшесі, 2017 ж. Азия чемпионатының қола жүлдегері, Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, Шымбергенов Асланбек - ҚР ұлттық құрама командасының мүшесі, Азия чемпионатының қола жүлдегері, 2017 ж. ҚР чемпионатының жеңімпазы және чемпионат қорытындысы бойынша ҚР үздік боксшысы, Аманжолов Нұрсұлтан - ҚР ұлттық құрама командасының мүшесі, 2016 ж. студенттенр арасында Әлем біріншілігінің жеңімпазы, ҚР ЖОО студенттері арасындағы жазғы универсидасының екі дүркін жеңімпазы, 2017 ж. ҚР чемпионатының жеңімпазы, Торланбеков Әбілхайыр - ҚР ұлттық құрама командасының мүшесі, ҚР ЖОО студенттері арасындағы жазғы универсидасының екі дүркін жеңімпазы, Сәрсенов Мирас-Али - ҚР ЖОО студенттері арасындағы жазғы универсидасының жеңімпазы(2015ж.) және күміс жүлдегері (2017ж.), Бескемпір Әлімжан – жасөспірімдер арасында Әлем біріншілігінің күміс жүлдегері, ҚР біріншілігінің жеңімпазы, ҚР ЖОО студенттері арасындағы жазғы универсиаданың жеңімпазы. 2018 жылдың тамыз айында Джакартта (Индонезия) өткен ХVІІІ- Азидалық ойындарына университетіміздің 5 студенті қатысып жүлделі орындарды иеленді. Атап айтқанда: Ысқақ Елдос таеквондодан 5- орын, Жапаров Руслан –таеквондадан қола жүлдегер, Шымбергенов Асланбек пен Аманқұл Әбілхан – бокстан күміс жүлдегер, Айнағұлов Мейрамбек – грек-Рим күресінен қола жүлдегер атанды. «Дене шынықтыру және спорт» саласы бойынша мамандарды даярлаудың сапасын арттыру мақсатында , 2017-2018 оқу жылында Жамбыл ауданы, Жасөркен ауылы, М.Әуезов орта мектебі және Тараз қаласының №32 орта мектебі базаларында кафедра филиалдары ашылды. 2018 жылдың 7-сәуірінде кафедраның ұйымдастыруымен ҚР Президенті Н.Назарбаевтың рухани бағдарламалық мақаласынағы «Білімнің салтанат құруы» мен «Бәсекелік қабілет» бағыттарына байланысты «Дене шынықтыру мұғалімінің коммуникативтік құзіреттілігі» тақырыбындағы II облыстық ғылыми-тәжірибелік конференциясы өтті. 2018 жылдың 28-29 сәуірінде М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің 60-жылдығына арналған каратэ-до «Шотоканнан» Қазақстан Республикасының ашық чемпионаты өтті. Біздің мақсат – «Дене шынықтыру және спорт» саласы бойынша білікті мамандарды дайындау және ел намысын абыроймен қорғап, спортшыларымыздың жеңіс тұғырынан көрінуіне септігімізді тигізу, оларды жарысқа даярлап, сенімділігін күшейту.
КАФЕДРА КЕЛЕСІДЕГІДЕЙ МАМАНДЫҚТАР БОЙЫНША БАКАЛАВР МАМАНДАРЫН ДАЯРЛАЙДЫ:
6B01421- Дене шынықтыру және спорт (бакалавр)
|