ТӘРБИЕШІНІҢ МІНДЕТІ – ТӘЛІМ БЕРУ
Кез келген нәрсеге арнайы өлшеммен қарасақ, кәсіби тұрғыдан мамандарға жүктелер мақсат-міндеттердің кең ауқымын тізіп шығуға тура келеді. Балабақша тәрбиешісінің де жауапкершілігі жоғары. Алайда терминдік тұрғыдан емес, өзара қарым-қатынастар, бала мен тәрбиеші арасындағы байланысты мейірім, сенім дейтін сезімдермен байланыстырсақ, бүгін ХХІ ғасыр тәрбиешісі жүктелер міндеттің ауқымы кеңейе түседі.
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасы ұйымдастырған «Мектепке дейінгі тәрбие мен білім беру мамандарын даярлау» білім беру студенттерінің педагогикалық практикасы бойынша «ХХІ ҒАСЫР ТӘРБИЕШІСІНІҢ МИССИЯСЫ» атты республикалық онлайн-семинар да осы мәселелер сөз болды. Онлайн жиынға Жамбыл, Түркістан, Қызылорда облыстарының балабақша әдіскерлері, тәрбиешілері және мектепалды даярлық топтарының педагогтары; профессор-оқытушылар құрамы мен студенттер қосылып, өзара пікір алмасты.
АҚЫННЫҢ ЖЫРЫН ЖАСТАР ЖАТҚА ОҚИДЫ
Тіршілігінде талантымен талай жырды туғызып, талайды тамсандырған Мұқағали қаламының қуатын, өлеңінің өміршеңдігін дәл болжап кеткен ақын. Оның жырлары жаңа ғасырда да ауыздан-ауызға көшіп, көңіл көкжиегінен түспей келеді. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің «Ұстаз» институтының Қазақ тілі мен әдебиеті кафедрасы ұйымдастырған ақиық ақын Мұқағали Мақатаевтың туғанына 91 жыл толуына орай өткен «АҢЫЗҒА АЙНАЛҒАН АҚЫН» атты әдеби кеш – соның бір айғағы.
«ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ» КАФЕДРАСЫНДА ӨТКІЗІЛГЕН ЖАҢА-ЖЫЛДЫҚ ІС-ШАРА
«Әлем тілдері» кафедрасы «Ұстаз» институты деңгейінде неміс тілінде жаңа-жылға арналған мерекелік іс-шара өткізді. Студенттер ұйымдастырған концерттік бағдарлама көрермендерге жаңа жылдық көңіл-күй сыйлады. Ерекше нөмірлер, күтпеген тосынсыйлар, ойын мен күлкі, студенттердің жарқын киімдері және Аяз атаның сыйлықтары мерекелік той-думанның жақсы өтуіне себепші болды.
Сонымен қатар, шетелде, атап айтқанда Германия мен Польшада академиялық ұтқырлық бағдарламасымен оқып жүрген студенттердің мерекеге байланысты жолдаған видеофильмдері өте тартымды болды, қатысушыларға ерекше көңіл-күй сыйлады.
«ТАҢДАУ. МАМАНДЫҚ. БОЛАШАҚ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ ЕСІК КҮНІ
Бүгін 2021 жылдың 8-желтоқсан күні М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті "Ұстаз" институтының ұйымдастыруымен «Таңдау. Мамандық. Болашақ» тақырыбында ашық есік күні жоғары деңгейде өтті.
Ашық есік күнінің мақсаты: мамандық таңдауда оқушылар бойында жауапкершілікті қалыптастыру; мамандық таңдауына көмектесу, кәсіби бағдар беру және психологиялық қолдау көрсету; жаңа мамандықтар мен құзыреттер атласын түсіндіру; университеттің профессор-оқытушылар құрамы мен материалдық-техникалық базасымен таныстыру.
«РУХАНИ ЖАҢҒЫРУ ЖӘНЕ ТӘУЕЛСІЗДІККЕ 30 ЖЫЛ»
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінде 8 желтоқсанда 2021 жылы «Тарих және география» кафедрасы «Мұрагер» ғылыми-ізденіс үйірмесінің ұйымдастыруымен «Рухани құндылықтар және Тәуелсіздікке 30 жыл» тақырыбында дөңгелек үстел өткізілді. Іс-шарамызға арнайы шақырылған қонақтарымыз 1986 жылы желтоқсан оқиғасына қатысқан, ұлтым деп жанкештілікке барган халық қаһарманы Қайрат Рыскулбековпен Алматы қаласының Архитектура және құрылыс институтында бірге оқыған желтоқсаншы Кеншінбеков Талғат Дүкенбайұлы, сын сағатта елім деп алаңға шыққан қайсар апамыз Иманкулова Света Үдербайқызы және университетіміздің ардагер ұстазы «Шет тілі» кафедрасының аға оқытушысы Испанкулова Гулайша Әшірханқызы, «Физкультура және спорт» кафедрасының аға оқытушысы желтоқсан оқиғасына қатысқан Қамысбаева Жанар Қалабайқызы, №9 мектептің ұстазы ауған соғысының ардагері Салыбеков Махмұд Әріпханұлы қатысты. Сондай-ақ кафедра доценті Мырзабеков Бақыт Ормаханұлы, «Гуманитарлық және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің аға кураторы Ибраимов Нұржан Лесбекұлы және Тараз қаласының №9 орта мектебінің 11 сынып оқушылары тарих пәнінің мұғалімі Рапилбаев Ержан Ізбасарұлының ұйымдастыруымен келіп қатысты. Дөңгелек үстел жұмысының барысында тарих мамандығының 1 курс студенті, үйірме мүшесі Қуанышов Жалғас «Рухани жаңғыру және ұлттық код» тақырыбында баяндама оқыды. Баяндама барысында өркениеттілікке ұмтылған егеменді ел, ең бірінші өзі туып өскен жерін сүюге, тарихын, мәдениетін біліп, әдет-ғұрпын, салт-дәстүрін ұстануға, ұмыт болып бара жатқан дәстүрімізді жаңғыртып, санамызға тек адамгершілікті қасиеттер мен жұртымыздан қалған құндылықтарымызды бағалау аса маңызды екенін айта келіп, оны кейінгі ұрпаққа жеткізу тарихшылар алдында тұрған үлкен міндеттердің бірі екендігі айтылып өтті. Сонымен қатар Елбасының рухани жаңғыруға қатысты тұжырымдамасы аталып өтті.
БАЛА ШЫҒАРМАШЫЛЫҒЫН ЖЕТІЛДІРУДІҢ МАҢЫЗДЫ ТЕТІКТЕРІ
Дулати университеті «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасы мен қауымдастырылған профессор З.Қашқынбаеваның ұйымдастыруымен Тараз қаласындағы «Қайнар и С» бөбекжай-бақшасында «Бала шығармашылығын жетілдірудің маңызды тетіктері» атты семинар өтті.
Семинар барысында «Еркем-ай» ересектер тобының балалары мен ата-аналары арасында өткен «Мен анамның жұлдызымын» байқауының нәтижесі анықталып, жеңімпаздар марапатталды.
«БІРГЕ ТАЛҚЫЛАЙЫҚ!» КІТАП ОҚУ ЖОБАСЫ ӨЗ ЖҰМЫСЫН БАСТАДЫ
«Анаға тағзым» орталығының «Інжу-маржан» әдеби үйірмесі мен М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Ұстаз» институының бірлесуімен «Бірге талқылайық!» жобасы қолға алынған болатын.
Жобаның негізгі мақсаты – жастар арасындағы қазақ әдебиетіне, кітап оқуға деген қызығушылықты арттыру, рухани-адамгершілік тәрбиені қалыптастыру.
Аталған жоба жоспарға сәйкес, айына бір рет жүзеге асады. Іс-шара барысында ортақ шешіммен таңдалған шығарманы талдау, оған қатысты пікір білдіру, кейіпкерлерге сипаттама бере отырып, өмірмен байланыстыру мазмұнындағы пікірлер ортаға салынады.
1 - ҚЫРКҮЙЕК БІЛІМ КҮНІМЕН!
01.09.2021 ж. М.Х.Дулати атындағы тараз өңірлік унверситеті «Ұстаз» институты «Арнайы және әлеуметтік педагогика» кафедрасының ұйымдастыруымен 1-курс студенттерімен танысу жұмыстары жүргізілді. Іс-шараны өткізудегі мақсатымыз жаңа өмір бастағалы отырған жастарымызға жол көрсетіп, мамандық туралы мағұлмат бере отырып, жастарымыздың ел болашығы ретінде сапалы мамандық иелері атануларына үлес қосу.
ЛОГОПЕД-ҚАЖЕТТІ МАМАНДЫҚ
Бұл әр түрлі түзету әдістері арқылы сөйлеу кемшіліктерін түзейтін мамандар. Олар балалар мен ересектермен жұмыс істейді. Мысалы, инсульттан зардап шегетін қарт адамдар өте жиі ауызша сөйлеу қабілеттерін жоғалтады, мұндай жағдайларда бір мамандық айрықша болады - логопед! Ол жеке бұзылу жоспарын жасайды, оған сәйкес, сөйлеудің кемшіліктері жойылады, мысалы, қисық, қаттылық немесе лақтыру. Іс жүзінде барлық кішкентай балалардың осындай қиындықтары бар, олар қартайған сайын олардың көпшілігі өздерімен жүреді, бірақ кейбіреулері арнайы көмекке мұқтаж.
Логопед - салыстырмалы түрде жаңа мамандық, ол шамамен 50-60 жыл бұрын пайда болды, адамдар тілмен сөйлесу проблемалары физикалық кемшіліктермен байланысты деп ойламаған кезде пайда болды. Батыстың дәрігерлері сөйлеу кемістіктерінің көрінісін сипаттайтын алғашқылардың бірі болды және ХХ ғасырдың ортасынан оларды жоюдың психологиялық әдістерін қолдануға кірісті. Заманауи әдістер қысқа мерзімде өте әсерлі нәтижелерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.
БІЛЕКТІ БІРДІ ЖЫҒАР, БІЛІМДІ МЫҢДЫ ЖЫҒАР!
М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Ұстаз» институты, «Білім берудегі» менеджмент кафедрасның ұйымдастыруымен «Мен педагог мамандығын таңдаймын!» аты РЕСПУБЛИКАЛЫҚ ОЛИМПИАДА өткізіліп, үздік жас түлектер анықталды.
Педагогикалық олимпиаданың мақсаты – цифрлы Қазақстан жағдайында үздіксіз педагогикалық білім беру жүйесін жаңғырту аясында педагогикалық кадрлардың дайындық сапасын арттыру мақсатында педагог мамандығына талантты түлектерді тарту.
НАУРЫЗ ШАПАҒЫ
«Рухани жаңғыру» бағдарламасы аясында «Спорт менеджменті» кафедрасының оқытушылары «Ұстаз» институтының 1 курс студенттері арасында Наурыз мейрамына арналған, «Наурыз Шапағаты» ұранымен тоғызұмалақ, асық ату және осы кафедраның оқытушылары әзірлеген зияткерліктің жаңа түрі «Қазақ шаңырағы» ойыны бойынша жарыстар ұйымдастырды және өткізді.
Бұл іс-шараға «ФКТС», «ХРГ», «Бейнелеу өнері» және «Музыка» мамандықтарының студенттері белсенді қатысты. Жігіттер арасындағы мергендік сайысында келесі оқушылар ерекше көзге түсті: 3 орын - Үмітберген Наурыз, 2 орын - Тұңғышбек Бақдәулет және 1 орынды Суратай Руслан иеленді. Тоғызұмалақтағы орындар келесі ретпен бөлінді: 3 орын - Сейітқадыр Ермек, 2 орын - Құдайберген Жүсіп, ал Серік Айдана осы спорт түрінің бас жүлдегері атанды. Эрудиттер арасында: Алшора Нұрбол - 3 орын, Алпысбай Жазира - 2 орын және Арыстан Оразалы - 1 орын. Үш түрде де барлық жүлделерді «ФКТС» мамандығының студенттері алды, біз осы жарыстардың жеңімпаздарын құттықтаймыз және оларға одан әрі жеңістер тілейміз.
Болат Копбаев
«Спорт менеджменті» кафедрасының аға оқытушысы
«ҚАЗАҚТЫҢ АЯУЛЫ ҚЫЗДАРЫ» АТТЫ ТАҒЫЛЫМДЫҚ ДӘРІСІ ӨТТІ
2021 жылы 4 наурыз күні «Мектепке дейінгі және бастауыш білім беру» кафедрасының доценті, п.ғ.к. Қашқынбаева Зағира Қожабергенқызы «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» және «Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу» мамандықтарының студенттеріне арналған «Қазақтың аяулы қыздары» атты тағылымдық дәрісін өтті.
Дәріске студенттер, оқытушылар және Ш.Уәлиханов атындағы облыстық әмбебап ғылыми кітапханасының өкілдері қатысты. Дәріс барысында қазақ халқының батыр, ер жүрек, ақын, жазушы, сазгер, ғалым қыздарының ел игілігі үшін атқарған, тарих бетінде қалған еңбектері мен өмір жолдары туралы мағлұмат берілді. Сонымен қатар, жерлесіміз, педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент, ақын, сазгер, жазушы, ғалым-ұстаз, ҚР білім беру ісінің үздігі Айымгүл Меңжанованың өмірбаяны мен еңбектері жайында студенттерге жан-жақты мәлімет беріліп, өлең жолдары мен әндері айтылды. Ақын Айша Көпжасарқызы Меңжанованың 80 жылдық мерейтойына арналып жыр шумақтары ақтарылды.
ІЗГІЛІКТІҢ КӨРІНІСІ-ҚАЙЫРЫМДЫЛЫҚ
Елбасымыз Н. Ә. Назарбаев мұқтаж жандарға көмек көрсету және қайырымдылық іс-шаралары халқымыздың игі дәстүрі екенін атап өткен. Шын мәнінде қайырымдылық қорларының жандануы біздің кафедрамыз сияқты еріктілерге тікелей байланысты.