МАРКЕТИНГ ЖӘНЕ КӘСІПТІК БАҒДАРЛАУ БАСҚАРМАСЫ
Басқарма басшысы
Байланыс телефоны: +77476829668
E-mail: aa.nazarbekova@dulaty.kz
Мекен-жайы: Төле би 62, 2.1-310
Сұрақ қоюҚызмет бағыты
Басқарма қызметінің мақсаты- университет брендін қалыптастыруға оң әсер ететін маркетингтік және кәсіптік бағдарлау жұмыстарын ұйымдастыру.
Басқарманың негізгі міндеттері:
- • Қазақстан Республикасының облыстық Білім басқармаларымен және қалалық білім бөлімдерімен қарым-қатынас орнату;
- • Қазақстан мектептерімен мақсатты жұмыс жасау және оқу-ағарту жағынан әкімшілікпен байланыс орнату;
- • Жалпы орта білім және кәсіптік орта білім беретін білім ұйымдарының бітіруші түлектері мен олардың ата-аналары үшін кездесулер ұйымдастыру және өткізу;
- • Жалпы орта білім және кәсіптік орта білім беретін білім ұйымдарының білім алушылары үшін Ашық есік күндері мен Университет ішіне экскурсиялар ұйымдастыру және өткізу;
- • Жыл сайын өткізілетін халықаралық және республикалық білім көрмелеріне қатысу – сапалы ақпараттық-түсіндірме жұмыстарын жүргізу, талапкерлер мен ата-аналарға Дулатиға оқуға түсу бойынша толық әрі жан-жақты ақпарат беру, сондай-ақ өзге де кәсіптік бағдар беру шараларына қатысу;
- • Call-орталықтың телефон желісі, Университеттің веб-сайты және әлеуметтік желілер арқылы талапкерлерге оқуға түсу және құжаттарды дайындау рәсімі жөнінде кеңес беру;
- • Университет туралы, сондай-ақ оқуға түсу шарттары, мемлекеттік және ішкі гранттарды тағайындау бойынша байқауларға қатысу мүмкіндіктері туралы толыққанды, жан-жақты және сенімді ақпарат тарату;
- • Талапкерлерді тарту және Университеттің білім беру қызметтері нарығында жайғасуына жағдай жасау мақсатында ақпараттық бюллетендер тарату және жариялау;
- • Халықты Университеттің қызметі, білім беру бағдарламалары және Университетте оқу артықшылықтары туралы ақпараттандыру;
- •Университетте білім алуға мүмкіндігінше көп мақсатты аудитория тарту;
- • Университеттің бәсекелестік артықшылықтарын көрсететін оң имиджін қалыптастыру;
- • Медиа-материалдар дайындау (презентациялар, видео, плакаттар/стендтер, афишалар), таратпа материалдар әзірлеу, кәсіптік бағдар беру шараларын медиа-материалдармен қамтамасыз ету;
- • Университет брендін қалыптастыру, дамыту және білім нарығында алға жылжыту, сондай-ақ Университет беделін нығайту бойынша іс-шаралар жүйесін әзірлеу және жүзеге асыру;
- • Нарықта жаңа білім беру бағдарламаларын біріктіру бойынша факультеттер мен индустрия арасында өзара ынтымақтастық орнату;
- • Жалпы орта білім және кәсіптік орта білім беретін білім ұйымдарының түлектері мен студенттер арасында сауалнама жүргізу, сондай-ақ Университеттің білім беру қызметтері туралы тұтынушылар пікірін талдау.
Басқарма құрылымы келесі бөлімдерден тұрады:
Қызметкерлер
РАЙКУЛОВ КАНАТ ЕШЕНКУЛОВИЧ
Лауазымы: Басқарма басшысының орынбасары
Байланыс телефоны: +77750004030
E-mail: Төле би 62, 2.5-302