МАРКЕТИНГ СЕКТОРЫ
Халықты Университеттің қызметі, білім беру бағдарламалары және Университетте оқу артықшылықтары туралы ақпараттандыру;
Университетте білім алуға мүмкіндігінше көп мақсатты аудитория тарту;
Университеттің бәсекелестік артықшылықтарын көрсететін оң имиджін қалыптастыру;
Медиа-материалдар дайындау (презентациялар, видео, плакаттар/стендтер, афишалар), таратпа материалдар әзірлеу, кәсіптік бағдар беру шараларын медиа-материалдармен қамтамасыз ету;
Университет брендін қалыптастыру, дамыту және білім нарығында алға жылжыту, сондай-ақ Университет беделін нығайту бойынша іс-шаралар жүйесін әзірлеу және жүзеге асыру;
Нарықта жаңа білім беру бағдарламаларын біріктіру бойынша факультеттер мен индустрия арасында өзара ынтымақтастық орнату;
Жалпы орта білім және кәсіптік орта білім беретін білім ұйымдарының түлектері мен студенттер арасында сауалнама жүргізу, сондай-ақ Университеттің білім беру қызметтері туралы тұтынушылар пікірін талдау.
