ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ КОММЕРЦИЯЛАНДЫРУ ДЕПАРТАМЕНТІ

КАБДУШЕВ АРМАН АРЫСТАНГАЛИЕВИЧ

КАБДУШЕВ АРМАН АРЫСТАНГАЛИЕВИЧ

Ғылым және коммерцияландыру департаментінің директоры PhD доктор

Байланыс телефоны: 8(775) 417 71 97

E-mail: aa.kabdushev@dulaty.kz

Мекен-жайы: Төле би көшесі, 62, 104 каб.

Сұрақ қою
Департамент қызметінің негізгі міндеттері
  • Елдің және Жамбыл өңірінің өзекті және басым проблемалары бойынша, оның ішінде нанотехнологиялық және биотехнологиялық бағыттар бойынша іргелі және қолданбалы зерттеулер жүргізуді қамтамасыз ету, сондай-ақ олардың нәтижелерін өндіріске енгізуге жәрдемдесу;
  • ҒЗЖ материалдық-техникалық базасын жаңғыртуға, сондай-ақ «А.С. Ахметов атындағы наноинженерлік зерттеу әдістері» ғылыми зерттеу зертхананың техникалық жарақтандыруды арттыру;
  • инновациялық жобаларды әзірлеу мен іске асыруды жандандыру, сондай-ақ Жамбыл өңірінде жаңа инновациялық өндірістерді құруға жәрдемдесу; ғылыми зерттеулердің оқу-тәрбие процесімен байланысын оқытушыларды, студенттерді, магистранттарды, аспиранттарды ҒЗЖ-ға кеңінен тарту және білім беру процесінде ғылыми зерттеулердің нәтижелерін белсенді пайдалану жолымен нығайту;
  • Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі, басқа да қорлар мен ұйымдар (оның ішінде шетелдік) әртүрлі ғылыми гранттарды, сыйлықтар мен стипендияларды алуға жариялаған конкурстарға университеттің ПОҚ, аспиранттары, магистранттары мен студенттерінің қатысуын қамтамасыз ету;
  • ғылыми өнімді бірлесіп әзірлеу және шығару, тәжірибе алмасу, біліктілікті арттыру және ғылыми кадрларды даярлау мақсатында отандық және шетелдік оқу орындарымен, ҒЗИ, кәсіпорындармен және фирмалармен ынтымақтастықтың перспективалық нысандарын дамыту;
  • ПОҚ патенттік қызметін жандандыру және өндірісте патенттердің нақты пайдаланылуын қамтамасыз ету.
Департамент жаңалықтары


Top