ЖОО-МЕКТЕП КОЛЛАБОРАЦИЯСЫ: ПЕДАГОГИКАЛЫҚ КОВОРКИНГ КЕРЕМЕТТЕРІ

М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің «Педагогика» кафедрасы Жамбыл облысы Байзақ ауданының Көктал жалпы орта білім беретін мектебінде Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғары білім министрлігі Ғылым комитетінің 2023-2025 жылдарға арналған ғылыми және (немесе) ғылыми-техникалық гранттық қаржыландыру бойынша АР19680242 «Қазақстан Республикасында педагогикалық білім беру жүйесін жаңғырту аясында жоғары оқу орындарының коллаборативті цифрлы білім беру ортасын құру» атты жоба аясында «ЖОО-МЕКТЕП коллаборациясы: Заманауи педагогтің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» тақырыбында аймақтық тәжірибелік семинар өткізді. Аймақтық тәжірибелік семинарға ЖОО-ның танымал ғалымдары, оқытушылары, жалпы орта білім беретін мектептің басшылары, оқу және ғылыми жұмыстар жөніндегі мектеп директорының орынбасарлары, жаңашыл мұғалімдер, педагогикалық қауымдастық өкілдері және болашақ педагогтер қатысты. Аймақтық тәжірибелік семинардың мақсаты – ЖОО-МЕКТЕП коллаборативті цифрлы білім беру ортасында жоғары оқу орны мен жалпы орта білім беретін мектептердің ынтымақтастық байланысы негізінде педагог кадрларды дайындау сапасы арттыру, тиімді жолдарын айқындау, озық әдістемесін ұсыну, коллаборативті ғылыми-зерттеу жұмыстарын тиімді жүргізуде жаңашыл ұстаздардың инновациялық іс-тәжірибесін зерттеу, насихаттау және тарату.

Аймақтық тәжірибелік семинарды Жамбыл облысы Байзақ ауданы білім бөлімінің әдістемелік кабинет меңгерушісі УСКЕНБАЕВ Мұрат Рысбекұлы ашып, семинар жұмысына сәттілік тіледі. М.Х. Дулати университеті «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің деканы ТҰРАРОВА Айсулу Нұрдынқызы семинарға қатысушыларды құттықтап, ізгі тілегін білдірді. М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., Жоба жетекшісі Клара ЖАЙДАРБЕКҚЫЗЫ Жаңа Қазақстан жағдайында болашақ педагогтерді сапалы дайындау, жалпы орта білім беретін орта мектептің білім сапасын арттыру үшін ЖОО-МЕКТЕП ынтымақтастық байланысы негізінде ғалымдар мен тәжірибелі ұстаздардың бірлескен-коллаборативті зерттеу жұмыстарын жүргізудің маңыздылығына айрықша тоқталды. Аймақтық тәжірибелік семинар барысында ЖОО-МЕКТЕП коллаборация негізінде инновациялық педагогикалық іс-тәжірибені үйрену, зерттеу, тарату және насихаттау бағытындағы оқу-әдістемелік жұмыстарды бірлесе атқару мақсатында барысында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Педагогика» кафедрасы мен Көктал орта мектебі ынтымақтастық Меморандумға қол қойылды. М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Педагогика» кафедрасының бастамасымен Көктал орта мектебінде Дулати педагогикалық сыныбы ашылды. Аймақтық тәжірибелік семинарда 7 педагогикалық коворкинг жұмыс жасады. 1- педагогикалық коворкингте Көктал орта мектебінің биология пәнінің мұғалімі ТУЛЕНОВА Данагүл Оспангалиқызы 8 сыныпта «Буылтық құрттардың (жауын құрт), ұлулардың, буынаяқтылардың және омыртқалылардың жүрегі және қантамырларының құрылысы мен қызметі» тақырыбына ашық сабақ беріп, оқушылармен топтық жұмыс жасаудың жаңаша әдіс-тәсілдерін көрсетті. 2- педагогикалық коворкингте Көктал орта мектебінің химия пәнінің мұғалімі АМАНТАЕВА Макпал Еркинбаевна, 7 сыныпта «Ауа. Ауаның құрамы. Балауыз шамның жануы» тақырыбына ашық сабақ беріп, білім сапасын арттыруда зертханалық жұмыстың маңызын шебер аша алды. 3- педагогикалық коворкингте Көктал орта мектебінің география пәнінің мұғалімі ЕСБАЕВА Назира Кулшинбаевна 9 сыныпта "Қазақстанның су ресурстарын экономикалық тұрғыдан бағалау тақырыбына ашық сабақ беріп, оқушылар білімін бағалаудың инновациялық әдіс-тәсілдерін айрықша көрсете алды. 4-педагогикалық коворкингте Көктал орта мектебінің тарих пәнінің мұғалімі ЕГЕМБЕРДИЕВА Жансая Бакытбековна 5 сыныпта «Сақтар туралы тарихи мәліметтер» тақырыбына ашық сабақ беріп, цифрлы платформаларды тиімді пайдалану арқылы сабақта оқушылармен жұмыс жасаудың топтық, жұптық және жекеше формаларын шебер үйлестіре алды. 5- педагогикалық коворкингте Көктал орта мектебінің мұғалімі НУФАРОВА Сатут Шабановна «Білгірлер клубы» айдарымен сыныптан тыс жұмыс жасаудың ерекше үлгісін көрсетті. 6- педагогикалық коворкингте Көктал орта мектебінің Тарих- география пән бірлестігі Дулати педагогикалық сыныбына қабылданған 9-11 сынып оқушыларымен «Жаһаннама» және «Тарихи Рашиди» шығармалары бойынша Ғылыми-танымдық конференция ұйымдастырды. 7-педагогикалық коворкингте М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, педагогика ғылымдарының докторы, Жоба жетекшісі Клара ЖАЙДАРБЕКҚЫЗЫ «Цифрлы педагог-ол кім?» тақырыбына педагогикалық аншлаг ұйымдастырып, Аймақтық тәжірибелік семинар қатысушыларды заманауи педагогтің келбетімен таныстырып, «заманауи педагог» және «цифрлы педагог» ұғымдарының ара-жігін ажыратып, Жоба барысында ашылған педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастыруға, жетілдіруге ат салысатын https://edu-collaboration.kz/ педагогикалық білім беру порталымен таныстырды. Аймақтық тәжірибелік семинарды Жамбыл облысы Байзақ ауданының Көктал орта мектебінің директоры Аят СЕНБЕКҰЛЫ қорытындылап, мектептің табысқа жетуде ЖОО-мектеп коллаборациясының маңыздылығына тоқталып, педагогикалық коворкингте жұмыс жасаған мектеп мұғалімдері мен ЖОО ғалымдарына алғыс жариялап, семинарды қорытындылады. Аймақтық тәжірибелік семинардың «Ашық микрофон» айдарында сөз алған тәжірибелі мектеп мұғалімдер өздерін толғандырып жүрген көптеген сұрақтарға тұщымды жауаптар ала алғандарын айтып, семинардың инновациялық ойға түрткі салғанын және алдағы жұмыстарына мотивация, әдістемелік көмек берген осындай педагогикалық коворкингтің жиі ұйымдастыру қажеттілігін баса айтты. Аймақтық тәжірибелік семинар ЖОО-МЕКТЕП коллаборативті ынтымақтастығы негізінде білім сапасының арттырудың тиімді жолдарын анықтау бойынша келелі міндеттерді шеше алды, ортақ цифрлы білім беру ортасын құрудың жаңа мүмкіндіктеріне жол ашты.

ped2

ped1

ped3

ped4

 

БУЗАУБАКОВА Клара Жайдарбекқызы М.Х.Дулати атындағы Тараз университеті «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., Жоба жетекшісі

Top