Жамбыл облысның әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Мұхит Нысанбаев әлеуметтік қоғамдық белсенділігін арттыру негізінде жасөспірімдердің рухани-адамгершілік әлеуетін қалыптастыру жайында сөз қозғады. Жамбыл облысы бойынша Адам құқықтар жөніндегі уәкілдің өкілі Байхожаев Берікбол түсіндірме жұмыстарын жүргізді. Семинар спикерлері тақырыпқа орай ой пікірлерін ортаға салды.
Семинар соңында Жамбыл облысының әкімдігінің білім басқармасы басшысының орынбасары Мұхит Аманқұлұлының «Балалардың құқытарын қорғау мазмұнын жаңарту жағдайындағы білім саласындағы медиацияны басқару тиімділігі» тақырыбында ой қорытып, семинарды қорытындылады.
Ұйымдастырушылар өзекті тақырыпты талқыға салу арқылы медиативтік тәсіл қағидаттары негізінде даулар мен жанжалдарды шешуде білім беру процесіне қатысушыларға көмек көрсетіп, отбасының әлеуметтік қоғамдық белсенділіген арттыруды көздегені анық. Семинарда қатысушылар өздеріне керек кеңесті алып, тәжірибе бөлісті.
Назерке ШАЙЗАДАЕВА,
Конвергеттік журналистика мамандығының 2-курс студенті