Елімізде демографиялық жағдайдың өсуіне байланысты, алдағы 5 жылдықта республикамызда қосымша 1000 мектеп салыну жоспарланып, бірқатар істер атқарылуда, осы мыңдаған мектептерді мұғалімдермен қамту мәселесі – кезек күттірмес ауқымды шаралардың бірі. Тараз қаласында М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті облыс және республика көлемінде түрлі маман иелерімен қатар, педагогикалық мамандық иелерін даярлауда өзіндік үлесін қосуда.
Осы мақсатта «Ұстаз» институты 2023 жылдың ақпан айынан бастап «Педагогикалық сыныптар» құру жобасын жасалды. Ондағы мақсат – оқушылардың мұғалімдік мамандыққа деген қызығушылығын арттыру, педагогикалық іс-әрекетті дамытуға мотивацияны қолдау, сонымен қатар мұғалім мамандығының беделді, құрметті және аса маңызды мамандық ретіндегі түсініктерін қалыптастыру. Оқушыларды педагогикалық мамандықтар бойынша керекті мәліметтер және ақпараттармен қамтамасыз ету.
Байзақ ауданындағы Сарыкемер мектеп-гимназиясы мен Дихан ауылындағы Дихан тірек мектебі, «Королевка», «Амангелді», «Жаңатұрмыс», Жамбыл ауданындағы Шайқорық, Айша биби ауылы Каратау участкесіндегі Т.Рысқұлов атындағы орта мектептерінің, Аса ауылында Ю.Гагарин атындағы мектеп-гимназиясында, Байзақ ауданындағы №4 мектеп-лицей, Көктал және Бурыл орта мектептеріне, Құмжота ықшам ауданындағы А.Алтынсарин атындағы орта мектепте, Жуалы ауданындағы №1 мектеп – гимназиясында «Кәсіби білім алу – болашаққа жарқын жол» тақырыбында аймақтық акциясы ұйымдастырып, түлектерімен кездесіп, кәсіби бағдар жұмыстарын жүргізді. Кездесуде М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің бүгінгі жағдайы мен жетістіктері, университеттің барлық білім беру бағдарламаларының ерекшеліктері, ҰБТ-ның жаңа форматы туралы және оқуға қабылдау ережелерін жете түсіндіріп өтті. Түлектер тарапынан сұрақтар қойылды.
Осы бағытта өткізілген іс-шаралардың бірі – «Химик эксперт» мектебі. Қысқы мектепте оқушылар арасында білім бағдарламасына сай сауалнама жүргізілді. Жалпы бұл бастама «Жоғары сынып оқушыларына жаратылыстану – математикалық бағытында ғылыми жобаларды жазудырудың әдістемелік ерекшеліктері» кешенді зерттеу бағытына өз үлесін қосады деп сенеміз.
Мамандық таңдау, соның аясында білім алу үшін жоғары оқу орнын таңдау әрбір түлек пен олардың ата-аналарын қызықтыратыны сөссіз. Осыны ескеріп, Ұстаз институты заманауи қоғамда бәсекеге қабілетті әр тұлғаға өз қабілеттілігін шыңдауына мүмкіндік беру үшін «Ашық есік күнін» өткізді. Болашақ талапкерлерге білім беру бағдарламалары, ерекшеліктері және материалдық база туралы таныстырылды.
Кәсіптік бағдар беру мақсатында өткен форматы бөлек іс-шаралардың бірі – Студенттердің Б.Момышұлы атындағы қазақ класикалық №45 гимназиясында өндірістік практика барысында жүргізген жұмыстары. Сондай-ақ қала және аудан мектептерінің 11 сынып оқушыларына арналған «Какую профессию мне выбрать» пәндік олимпиадасының 50 бітіруші түлекті қамтыған ерекше бастама болғанын айту керек.
Дулати университеті оқу орнының құрылғанына 65 жыл толуына орай және «Педагогикалық сыныптарды оқыту бағдарламасының» қорытынды кезеңін өткізу мақсатында «Мен педагог мамандығын таңдаймын» атты республикалық педагогикалық олимпиадасын «Педагогика» кафедрасы жоғары деңгейде өткізе білді.
Сонымен қатар, Ұстаз институтының директоры О.Жолдасова бастаған профессор оқытушылар құрамы Талас және Мойынқұм ауданындарына кәсіби бағдар беру жұмыстары аясында мектеп бітіруші түлектермен кездесті. Оқытушылар болашақ талапкерлерді білім беру бағдарламаларымен толықтай таныстырды. Сонымен қатар биыл Д.И.Менделеев атындағы Ресей химия-технологиялық университетімен іскерлік кеңесі аясында және М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті бірлескен ғылыми-зерттеу және білім беру қызметі саласында «Қос дипломды» білім беру негізінде мамандар даярлай бастайтынын атап өтті. Оқу орны сондай-ақ «Ташкент ирригация және ауыл шаруашылығын механикаландыру инженерлері институты» Ұлттық зерттеу университетімен (Өзбекстан) «Су шаруашылығы» мамандарын бірлесіп даярлау бағытында алдағы оқу жылында атқарылатын бірқатар жоспарлар жасағаны да айтылды.
Кәсіби бағдар беру жұмысын жүргізгендер: О.Жолдасова, Б.Тасуов, Г. Сейдалиева, А.Дунбаева, Е. Әбдімомынов, М.Ахаева, А.Сарсенбаева, А.Жұмағұлова, Е. Дүйсенбеков, Қ. Әбитаев, Д. Әшір.