САЛМАҚТЫ ПАЙЫМ, СҮБЕЛІ СҰХБАТ

Филология ғылымдарының кандидаты Әбішева Рыскен Рахымқызы «Қазақ тілі мен әдебиеті» кафедрасының студенттерімен жүздесіп, сүбелі сұхбат өрбітті.
Ұрпақ рухын ұштаған кездесу барысында автор «Тірі жүріп көргеннің бәрі қызық» атты естелік – әңгімелері, «Тасыған өмір, жасыған көңіл» және «Дүниедегі ең үлкен байлық» кітаптарының мазмұнына терең бойлады.

Тәрбие дәнін жас буынның бойына сіңдіруді көздеген аталған кездесуді «Жасын» әдеби – шығармашылық бірлестігінің жетекшісі С.М.Исматова тізгіндеді.
Университеттің тәрбие жұмысы және әлеуметтік мәселелер жөніндегі департамент директоры Назарбекова Алуа Ахмедиярқызы автор кітабының тұсауын кесіп, жүрекжарды лебізін білдірді. Сондай – ақ, келелі кездесуге кафедраның аға оқытушысы Н.М.Рсымбетова мен докторант К.Б.Қанат куә болды.

Рухани мүгедектіктің алдын алу алғышарттарына тізбектей тоқталып, ішкі «Мені» биік тұлға іргетасын қалауға үндеді.
Хакім Абайдың «Толық адам ілімін» тіліне тиек еткен Рыскен Рахымқызы рухани кемелденудің темірқазығы турасында өмірлік тәжірибесінен бірқатар естеліктерімен бөлісті.
Рухани сабақтастықтың алтын көпірі салынан кездесуде студенттер өз жарыса пікір білдіріп, естелік суретке түсті.

2

2

2

2

Top