«THE DIGITALISATION OF FOREIGN LANGUAGE LEARNING» АТТЫ АЙМАҚТЫҚ ОҚЫТУ МЕН ТӘЖІРИБЕ ФЕСТИВАЛІ

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Ұстаз» институты «Әлем тілдері» кафедрасы Жамбыл облысының педагог мамандарымен оқу үрдісін модернизациялау: әдістемелік көшбасшылық, Альфа ұрпаққа шет тілін үйретудегі заманауи технологиялар, мәдениетаралық коммуникация, оқушыға бағытталған оқыту тақырыптары аясында өз тәжірибесімен бөлісу мақсатында 2023 жылдың 3 наурызында «The digitalisation of foreign language learning» аймақтық оқыту мен тәжірибе фестивалін өткізді. Фестивальге барлығы 135 шет тілі мұғалімі қатысты. Сонымен қатар фестиваль аясында «Әлем тілдері» кафедрасының ұйымдастыруымен «Үздік мультимедиалық оқу өнімі» виртуалды байқауы жеңімпаздарын марапаттау өтті.

Жамбыл облысының шет тілі мұғалімдері арасында (балабақша, бастауыш мектеп, орта мектеп, колледж) «Педагогикалық шеберлік» Байқауы жарияланды. Байқау 20.01. – 15.02.2023 аралығында өтті.

Байқаудың мақсаты:

  • Шет тілі мұғалімдерінің мемлекеттік білім беру стандарттарының талаптарына сәйкес заманауи тиімді педагогикалық технологияларды, даму және оқыту әдістерін қолдануға деген ынтасын арттыру;
  • Озық педагогикалық тәжірибені тарату;
  • Әдістемелік қызмет нәтижелерімен алмасу негізінде педагогикалық және әдістемелік шеберлікті арттыру.

Байқаудың міндеттері:

  • Балалармен жұмыста ақпараттық-коммуникативтік технологияларды қолдану, педагогтердің өмір бойына білім алу және кәсіби шеберлігін арттыруға жәрдемдесу;
  • Заманауи мүмкіндіктерді ескере отырып, ақпараттық оқу ортасын құруға ықпал ету;
  • Кәсіби қарым-қатынасқа жәрдемдесу, өзара ынтымақтастық тәжірибесін дамыту.

Байқауға Жамбыл облысы мен Алматы қаласынан барлығы 125 материал келіп түсті. Кафедра мегерушісінің 2023 жылғы қаңтардағы №1 Өкімімен құрылған Байқау комиссиясы материалдарды іріктеп, жеңімпаздарды анықтады. Байқау жеңімпаздары М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті Ректорының І-ІІ-ІІІ дәрежелі Дипломдарымен марапатталды.

Оқыту мен тәжірибе фестивалі бағдарламасы аясында барлығы 15 семинар, шебер-сынып ұсынылды. Фестиваль соңынан қатысушыларға университет Ректорының қолымен расталған сертификаттар табысталды.

2

3

4

5

6

Top