РЕСЕЙ МЕН ҚАЗАҚСТАН АРАСЫНДА КОЛЛАБОРАТИВТІ ҒЫЛЫМИ-ЗЕРТТЕУ ЖҰМЫСЫ ЖАЛҒАСУДА

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті «Ұстаз» институтының «Педагогика» кафедрасында ҚР Білім және ғылым министрлігімен ресми жарияланған гранттық қаржыландыру бойынша «Жаңа  жағдайдағы Қазақстанда педагогикалық білім беру жүйесін жетілдіру: Қазақстан Республикасында   қашықтықтан оқытуда болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық-әдістемелік аспектілері» (2021-2023 ж.) атты ғылыми жоба жүзеге асуда.

 Ғылыми жоба жетекшісі – «Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі Клара Джайдарбековна БУЗАУБАКОВА.

ҚР БҒМ тарапынан гранттық қаржыландыру есебінен жүргізіліп жатқан АР09259497 «Жаңа  жағдайдағы Қазақстанда педагогикалық білім беру жүйесін жетілдіру: Қазақстан Республикасында қашықтықтан оқытуда болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық-әдістемелік аспектілері» тақырыбындағы коллаборациялық ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүзеге асыру аясында жаңа жағдайдағы Қазақстанда жаһандық бәсекеге  қабілетті  цифрлы-креативті құзыреттіліктері жоғары педагогикалық кадрларды дайындауда  инновациялық іс-тәжірибені үйрену, пайдалану, зерттеу, насихаттау мақсатында Дулати университеті  (Қазақстан) мен Ресейдің Шадринск мемлекеттік педагогикалық университеті (Ресей) арасында бірыңғай ортақ бірлескен желілік-әдістемелік байланысы орнатылған.

Осы орайда, ортақ мақсатқа жету үшін бірлескен әрекет Ресей мен Қазақстан арасында коллаборативті ғылыми-зерттеу жұмысын жандандыруда Ресейдің Шадринск мемлекеттік педагогикалық университеті 2022 жылдың 24 қарашасында «Қазіргі қоғам жағдайындағы болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференциясын өткізді. Аталмыш іс-шараның пленарлық мәжілісінде Тәжікстан Республикасы, Носир Хусрав атындағы Бұхара мемлекеттік университетінің профессоры, п.ғ.д., А.Э.Сатторов және т.б. шетелдік, ресейлік, отандық  ірі ғалымдардың баяндамалары тыңдалды. Солардың бірі де бірегейі, көрнекті ғалым, п.ғ.д., профессор, Халықаралық Ақпараттандыру Академиясының академигі К.Д.Бузаубакова «ҚР-да қашықтықтан оқыту кезінде болашақ педагогтердің цифрлық құзыреттіліктерін қалыптастыру жолдары» (онлайн) тақырыбында мазмұнды баяндама жасап, Цифрлы Қазақстан жағдайында жоғары білім беру жүйесін цифрландырудың маңыздылығына және қашықтықтан білім беру жағдайында болашақ педагогтердің цифрлы-креативті құзыреттіліктерін қалыптастырудың тиімді жолдары анықталып, әдістемесінің жасалғандығына тоқталды.

1

Сондай-ақ, «Қазіргі қоғам жағдайындағы болашақ мұғалімдерді кәсіби даярлау мәселелері» атты Халықаралық ғылыми-практикалық конференция аясында профессор К.Д.Бузаубакова «Болашақ мұғалімдердің кәсіби құзыреттілігін қалыптастыру» атты 8-секцияны басқарып, онда «Ұстаз институты бойынша заманауи жағдайда болашақ педагогтерге кәсіби білім беруде өзекті де көкейкесті тақырыптар төңірегінде ғалымдардың және ғылымға құштарлық танытатын студенттердің 30-ға жуық ғылыми мақалалары тыңдалып, өздерінің ой-пікірлерімен бөлісті.

Ресей мен Қазақстан арасында коллаборативті ғылыми-зерттеу жұмысы осылай жалғасын табуда...

Миршат Сайлаубекқызы ЕЛУБАЕВА,

М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті

«Педагогика» кафедрасының доценті, п.ғ.к.

Top