Ғылыми конференцияны «Ұстаз» институтының директоры Джолдасова Орынқыз Копбосынова салтанатты түрде ашты. Орынқыз Копбосыновна «SMART-PEDAGOG» атты студенттік ғылыми үйірменің ашық есік күніндегі «Ғылым таппай мақтанба, адам болам десеңіз» атты ғылыми конференцияға қатысушыларға Ұстаздық мамандықтың қашанда сұраныста ие болатындығын айта отырып, педагогикалық мамандықтың өзіндік ерекшеліктерінің қыры мен сыры жайында оқушылар мен колледж студенттеріне қызықтыра түсіндіріп өтті.
Өз кезегінде «SMART-PEDAGOG» студенттік ғылыми үйірмесінің жетекшісі, Педагогика кафедрасының меңгерушісі п.ғ.д., профессор Бузаубакова Клара Джайдарбековна аталмыш конференцияның салтанатты ашылумен құттықтады. Ғалым болашақта педагогикалық мамандықты таңдауда мемлекетіміздің дамуына өз үлесін қосатын білікті маман болатындарына ерекше үміт артатынын айта келіп, жас ізденушілердің ғылыми жобастын қорғау барысына сәттілік тіледі.
Жамбыл облысының жалпы орта білім беретін мектептің 9-11 сынып оқушылары, колледж және университет студенттерің қатысуымен өткен «Ғылым таппай мақтанба, адам болам десеңіз!» атты ғылыми конференцияда гуманитарлық, жаратылыстану, шығармашылық және психологиялық-педагогикалық бағытты бойынша 44 ғылыми жобалар қорғалды.
Жобалардың арасында ЖОО мен жалпы орта мектептің әріптестік ынтымақтастығында орындалған зерттеу жұмысын ерекше атап өтуге болады. «Педагогика» кафедрасының аға оқытушысы Бупетаева Сауле Жақыповна мен Байзақ ауданы Көктал орта мектебі химия пәнінің мұғалімі Станбекова Арай Серікқызының бірлескен жетекшілігімен орындалған 9 сынып оқушысы Аманбай Аянаның «Сандық пирамида және туған жерім Көктал ауылындағы ара шаруашылығы» тақырыбындағы зерттеу жұмысы жүлделі ІІІ орынды иеленді.
Сондай-ақ, ғылыми конференцияда гуманитарлық, жаратылыстану, шығармашылық және психологиялық-педагогикалық бағыттар бойынша инновациялық жаңашылдығымен қорғалған келесідей жобалар топ жарып жүлделі І, ІІ, ІІІ дәрежелі Дипломдармен марапатталды:
Жүлделі 1-орындарды Тараз қаласындағы Нарғозы Данаев атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Сәрсенбай Сымбат «Ақселеу Сейдімбектің «Аққыз» повесіндегі ұлттық құндылықтар» тақырыбындағы ғылыми жобасы (Ғылыми жетекшісі: Б.К.Валиева); Тараз қаласындағы №15 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Азимхан Жания Берікқызының «Қазақстанның тарихи ескерткіштері және перспективалары туристік маршруттар» атты ғылыми жобасы (Ғылыми жетекшісі: Н.А.Сейсенбекова); Құлан агротехникалық жоғары колледжінің студенті Бетай Ерсултанның «Аусыл ауруын реконвалесцентті қан немесе сарысу арқылы емдеу» ғылыми жобасы (Ғылыми жетекшісі: Е.Тасжүреков); М.Х.Дулати атындағы Тараз мемелекттік өңірлік университеті, Ұстаз инстутының 1 курс студенті Иманалы Ұлжанның «Қылқаламның сырлы әлемі арқылы педагогика ғылымының теориялық-әдістемелік негіздерін меңгерудің өзіндік ерекшеліктері» тақырыбындағы ғылыми жобасы (Ғылыми жетекшісі: Т.Е.Конакбаева) иеленді.
Жүлделі 2-орындарда Тараз қаласындағы Нарғозы Данаев атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Қадырбек Назымның «Әл-Фараби мен Ұлы Абайдың рухани үндестігі» тақырыбындағы ғылыми жобасы (Ғылыми жетекшісі: Б.К.Валиева); Байзақ ауданы Көктал орта мектебінің 9 сынып оқушысы Нуфарова Зиннаттың «Подари бумаге вторую жизнь!» ғылыми жобасы (Ғылыми жетекшісі: С.Ш.Нуфарова); Байзақ ауданы Көктал орта мектебінің 9 сынып оқушысы Жарас Нұрасылдың «Көктал ауылдық аймағы тұрғындарының экологиялық мәдениетін қалыптастыру» ғылыми жобасы (Ғылыми жетекшісі: С.Ә.Байтенова); Байзақ ауданы Көктал орта мектебінің 9 сынып оқушысы Аманбай Аянаның «Сандық пирамида және туған жерім Көктал ауылындағы ара шаруашылығы» ғылыми жобасы (Ғылыми жетекшісі: А.С.Станбекова, С.Ж.Бупетаева); Құлан агротехникалық жоғары колледжінің студенті Камидулла Ернардың «Ұрғашы иттерге овариоэктомия жасау» жобасы (Ғылыми жетекшісі: Р.Сарсенбиев); М.Х.Дулати атындағы Тараз мемелекттік өңірлік университеті, Ұстаз инстутының 1 курс студенті Ақан Ұлдананың «Отбасында девиантты бала туындауының психологиялық ерекшеліктерін анықтау» зерттеу жобасы (Ғылыми жетекшісі: А.М.Мамбетова) топ жарды.
Жүлделі 3-орындарды Тараз политехникалық колледжінің студенті Әбдіғани Нұрсұлтанның «Абай қара сөздеріндегі адамгершілік мәселесі» ғылыми жобасы (Ғылыми жетекшісі: А.Қ.Нуртай); Тараз қаласындағы Нарғозы Данаев атындағы орта мектебінің 10 сынып оқушысы Сәрсенбай Сымбаттың (Ғылыми жетекшісі: Б.К.Валиева); Байзақ ауданы Көктал орта мектебінің 10 сынып оқушысы Әлімжан Әмірдің «Ұлт мақтанышының ұлылық үлгісі - «Абай жолы» роман – эпопеясы» ғылыми жобасы (Ғылыми жетекшісі: З.Б.Алибекова); Тараз политехникалық колледжінің студенті Утегенова Сабинаның «Ғылым таппай мақтанба... Адам болам десеңіз...?!» ғылыми жобасы (Ғылыми жетекшісі: А.Әбдіманап); Тараз қаласындағы №3 мектеп-лицейінің 7 сынып оқушысы Қанатұлы Ерасылдың «Ақпараттық - коммуникациялық технологияларды пайдалану арқылы жаңашыл оқыту» ғылыми жобасы (Ғылыми жетекшісі: У.М.Конурбаева); Тараз қаласындағы Б.Момышұлы атындағы №45 қазақ классикалық гимназиясының 11 сынып оқушысы Оразбаева Нұрайдың «Отбасы тәрбиесінде фильм терапиясының психологиялық жағымды әсері» ғылыми жобасы (Ғылыми жетекшісі: Н.А.Нуртаева); Тараз қаласындағы Д.М.Карбышев атындағы №16 орта мектебінің 10 сынып оқушысы Шәдібек Темірланның «Қазақ тіліндегі жәндік атауларының этнографизимдерін зерделеу» ғылыми жобасы (Ғылыми жетекшісі: А.Мамбеткызы) иеленді.
Жамбыл облысының жалпы орта білім беретін мектептің 9-11 сынып оқушылары, колледж және университет арасындағы «Мектеп-Колледж-ЖОО» ынтымақтастық байланыстағы ғылыми конференция дарынды жас ізденушілерге кәсіби бағдар берудің мүмкіндіктерін жүзеге асыруда өзіндік ықпалын тиімді жүзеге асыра алды демекпіз!
Турсунай Конакбаева,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті
«Педагогика» кафедрасының аға оқытушысы
«SMART-PEDAGOG» студенттік ғылыми үйірмесі жетекшісінің ассистенті