AP09259497 «Жаңа жағдайдағы Қазақстанда педагогикалық білім беру жүйесін жетілдіру: Қазақстан Республикасында қашықтықтан оқытуда болашақ педагогтердің цифрлы құзыреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық-әдістемелік аспектілері» гранттық қаржыландыру ғылыми жобасы аясында педагогикалық өлшемдер білім беру бағдарламасы бойынша магисрант Ж.Жақып «Қазақстан Республикасында болашақ педагогтердің цифрлы-креативті құзіреттіліктерін қалыптастырудың технологиялық және әдістемелік аспектілері» магисрлік диссертациясын сәтті қорғады. Өзім ғылыми жетекшілік жасағандықтан, магистранттың іздену барысында тың тәсілдерге жүгініп, тақырыпты терең зерделегенін айта кеткен жөн.
Тағы бір ерекшелік – магистрант Ж.Жақыптың қашықтықтан білім беру жағдайында болашақ педагогтердің цифрлы- креативті құзіреттілікті қалыптастыруға арналған гайд-нұсқаулық жасап шыққаны. Осылайша ол онлайн білім алуға арналған платформалармен тиімді жұмыс жасаудың әдістемесін ұсынып отыр.
Магистрант өзінің магистрлік ғылыми-зерттеу жұмысында қашықтықтан білім беру жағдайында болашақ педагогтердің цифрлы- креативті құзіреттіліктерін қалыптастыруға арналған Learningapps тапсырмалары, Kahoot үлгілері мен түрлері, Wordwall шаблондары және Wordwall ойын- мысалдары, QUIZIZZ үлгілерін жасап, педагогикалық процесте ұтымды пайдаланудың технологиялық-әдістемелік аспектілерін айқындады. 7М01104 – Педагогикалық өлшемдер білім беру бағдарламасы бойынша аттестаттау комиссияның төрағасы, п.ғ.к., халықаралық Тараз инновациялық институтының «Жалпы педагогика» кафедрасының доценті Ж.Ускенбаева Ж.Жақыптың магисрлік диссертациясына «жоғары әдістемелік деңгейде жазылған, толық аяқталған, практикалық маңыздылығы жоғары ғылыми-зерттеу жұмысы» деген оң баға берді. Осы еңбекті педагогикалық жоғары оқу орындарының іс-тәжірибесіне енгізсін деген ұсыныс жасады және оны аттестаттау комиссияның мүшелері бірауыздан қолдады.
Креативті құзіреттілікті қалыптастырудың 4 жолы
Болашақ педагогтерге қажетті цифрлық платформалар мен сервистер
Клара БУЗАУБАКОВА,
М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінің
«Педагогика» кафедрасының меңгерушісі, п.ғ.д., профессор.