Жобаның 2-ші жиналысы

2024 жылғы 7-8 қазанда Румыния, Яссы қаласындағы Джорджио Асачи техникалық университетінде (TUIASI) TEX4FUTURE-101128738-ERASMUS-EDU-2023-CBHE-STRAND-2 халықаралық жобасының 2-ші офлайн отырысы өтті.

Толығырақ

Бірінші тренинг – Грекия

Батыс Аттика университетінің (Афина, Грекия) өнеркәсіптік дизайн және өндірістік инженерия кафедрасында 30.09.2024 ж. - 10.04. 2024 ж. күндері аралығында Еуропалық Одақтың Эразмус+ бағдарламасы қаржыландыратын TEX4FUTURE-101128738-ERASMUS-EDU-2023-CBHE-STRAND-2 халықаралық жобасы аясында сарапшылардың біліктіліктерін арттыру және оларды дайындау бойынша алғашқы оқу тренингі өткізілді.

Толығырақ

TEX4FUTURE ЖОБАСЫ КӨРМЕДЕ

2024 жылдың 05-07 шілде аралығында Жамбыл облысының 85 жылдығы мен Астана күні мерекесіне орай "Qoloner-Taraz" қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен "Өнерліге өріс кең" атты қолөнершілер көрмесі өтті.

Толығырақ

Kick off meeting

2024 жылдың 11-12 сәуір аралығында Ханья қаласындағы (Грекия) Крит техникалық университетінде (TUC) ERASMUS+ TEX4FUTURE - 101128738 - GAP-101128738 – «Textile Manufacturing for the Future in Uzbekistan and Kazakhstan» жоба қатысушыларының Kick off meeting алғашқы кездесуі өтті.

Кездесуге М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінен жобаның ұлттық және жергілікті үйлестіруші Гульзира Джумабекова мен оқытушы Асель Байдильдаева қатысты.

Кездесу барысында ағымдағы жылдың ақпан айында бастау алған TEX4FUTURE жобасының мақсаттары мен міндеттеріне жету жолдары айқындалды, негізгі алты жұмыс пакетінің (WP1 - Project Management and coordination, WP2 - Development and implementation of the capacity building, WP3 - Operation of the Centres, WP5 - Stakeholders’ perspective and Synergies, WP6 - Project Quality Control and Quality Assurance, WP7 - Dissemination, Exploitation and Sustainability) орындалу жолдары талқыланды.

Қазақстанда және Өзбекстанда ашылатын төрт орталықтың құрал-жабдықтары талқыланып, бекітілді. Және де Грекия, Румыния және Түркия университеттерінде өтілетін тренингтердің тақырыбы мен уақыты қарастырылды.

Толығырақ
Top