Kick off meeting

2024 жылдың 11-12 сәуір аралығында Ханья қаласындағы (Грекия) Крит техникалық университетінде (TUC) ERASMUS+ TEX4FUTURE - 101128738 - GAP-101128738 – «Textile Manufacturing for the Future in Uzbekistan and Kazakhstan» жоба қатысушыларының Kick off meeting алғашқы кездесуі өтті.

Кездесуге М.Х.Дулати атындағы Тараз өңірлік университетінен жобаның ұлттық және жергілікті үйлестіруші Гульзира Джумабекова мен оқытушы Асель Байдильдаева қатысты.

Кездесу барысында ағымдағы жылдың ақпан айында бастау алған TEX4FUTURE жобасының мақсаттары мен міндеттеріне жету жолдары айқындалды, негізгі алты жұмыс пакетінің (WP1 - Project Management and coordination, WP2 - Development and implementation of the capacity building, WP3 - Operation of the Centres, WP5 - Stakeholders’ perspective and Synergies, WP6 - Project Quality Control and Quality Assurance, WP7 - Dissemination, Exploitation and Sustainability) орындалу жолдары талқыланды.

Қазақстанда және Өзбекстанда ашылатын төрт орталықтың құрал-жабдықтары талқыланып, бекітілді. Және де Грекия, Румыния және Түркия университеттерінде өтілетін тренингтердің тақырыбы мен уақыты қарастырылды.

 1

2

Top