Бірінші тренинг – Грекия

Батыс Аттика университетінің (Афина, Грекия) өнеркәсіптік дизайн және өндірістік инженерия кафедрасында 30.09.2024 ж. - 10.04. 2024 ж. күндері аралығында Еуропалық Одақтың Эразмус+ бағдарламасы қаржыландыратын TEX4FUTURE-101128738-ERASMUS-EDU-2023-CBHE-STRAND-2 халықаралық жобасы аясында сарапшылардың біліктіліктерін арттыру және оларды дайындау бойынша алғашқы оқу тренингі өткізілді.

Тренингке Өзбекстан мен Қазақстанның жоғары оқу орындарының оқытушылары қатысып, өз білімдерін тереңдетті. Дулати университетінің атынан жоба жетекшісі Гульзира Джумабекова, технология факультетінің деканы Мұхамеджан Шардарбек және «Тоқыма, материалтану және стандарттау» кафедрасының PhD докторы Фархад Ташмұхамедов қатысты.

Өнеркәсіптік дизайн және өндірістік инженерия кафедрасының мүшелері тренингке қатысушыларды ED, TECHTEX, SECOVE, REWAFT, HACKTEX жобаларымен таныстырды.

Тренинг барысында келесі тақырыптарда семинарлар жүргізілді:

  • -Тұрақтылық, тенденциялар және заңнама (Sustainability, trends and legislation);
  • -Тұрақтылық, тоқыма бұйымдарын сертификаттау (Sustainability, certification of textile products);
  • -Тоқу үдеріс, трикотаж (Knitting);
  • -Цифрландыру (Digitalization);
  • -Сандық Дизайн (Digital Design);
  • -Ақылды тоқыма бұйымдары (Smart textiles).

Тренингтен тыс, семинарға тоқыма компанияларына және Акрополь Мұражайына бару сияқты мәдени іс-шаралар кірді.

грекия1111

грекия2222

 

 

Top