Ақын, ғұлама ғалым – 1020 жылы Баласағұн қаласында туылған – Жүсіп Хас Хажип Баласағұниға арналған. Қайтыс болған жылы белгісіз, Баласағұнидің біздің заманымызға дейін жеткен ең ірі туындысы -1069 жылы көне түркі тілінде жазылған «Құдатғу білік» («Құт әкелетін білім») поэмасы. Бізге поэманың үш нұсқасы жеткен: Вена, Мысыр, (Каир), Наманған (Ферғана). Осы нұсқаларды шығыстанушылар көп зерттеген және бұл еңбектердің құндылығын бәрі бір ауыздан мақұлданған. Бұрын қысқартылып орыс тіліне, кейін кең көлемде өзбек тіліне аударылған болса, 1986 жылы көне түркі тілінен қазақ тіліне ақын, ғалым Асқар Егеубаев аударып, алғыс сөзі мен түсініктерін жазды. Түрік, Қазақ тіліне аударылған құнды еңбек музейдің төрінен орын тапты.