«Автоматика және телекоммуникация» кафедрасы «Автоматика және Электротехника» кафедрасы негізінде 2001 жылы құрылған. Қазіргі кезде профессор-оқытушылар құрамы жалпы – 18, оның 2 – техника ғылымдарының докторы, 5 кандидат, 10 магистрден тұрады. Профессор-оқытушылар құрамының оқу-процесін қамтамасыздандыру барысында арнайы пәндер бойынша қажетті біліктілігі мен базалық білімдері бар. Барлық оқытушылар тәрбие, қоғамдық жұмыстарда және Білім және ғылым Министрлігі жүйесінде өткізілетін ғылыми-бағдарламаларда, университет деңгейінде белсенді түрде қатысады. Мамандықтың кәсіби бағыттары радиотехника, электроника және телекоммуникация, радиобайланыс, теледидар, радиохабар және т.б. қызметтерін қамтиды. Осы мамандықты бітірушілердің кәсіби объект барысы, мемлекеттік экономика салаларын жүзеге асыру болып табылады:
- байланыс желілері мен коммуникация жүйесі;
- көпканалды телекоммуникациялық жүйелер;
- радиобайланыс құрылымдары мен жүйелері, оның оның ішінде радиорелелік, спутниктік және мобильдік байланыстар;
- мультимедиялық техника, телехабарлар мен дыбыстық құрылымдар, жүйелер;
- электрондық жүйелер, оның ішінде компьютерлік жүйемен беру объектерін басқару, ақпараттарды өңдеу және бейнелеу;
- телекоммуникациялық жүйелер мен желілердің ақпараттық жабдықтарының қауіпсіздігі.
«Телекоммуникация жүйелерін модельдеу», «Дыбыстардың сандық өңдеу негіздері», «Радиобайланыс жүйелерін жобалау», «Микропроцессорлар мен сандық құрылымдары», «Инженерлік Cad-жүйелері», «Радиожүйелер мен 3-ші дәрежедегі мобильдік байланыс желілері», «Электроника мен схемотехниканың 1,2 аналогтық құрылымдары», «Берудің оптикалық және радиорелелік жүйелері», «Көп каналды телекоммуникациялық жүйелер», «Технологиялық процестерді автоматтандыру» және т.б. пәндер бойынша нақты зертханалық жұмыстарды жүргізу үшін қазіргі заманға сай арнайы қондырғылар алынды. Барлық зертханалық жұмыстар электрондық блоктар желісінде компьютермен алынып, қорытынды сарапталынады (арнайы қолданбалы бағдарламамен басқарылады және өңделеді). Жоғарыда аталған мамандықтың бакалаврларды дайындау бағыты бойынша академиялық дәрежесіне сай білімгер инженер-техникалық қызметкері ретінде білікті жұмыс үшін қажетті білім мен тәжірибелі әдістерге ие. Қазіргі заманғы кәсіпорынның барлық қызмет түрлері радиотехника, электроника және телекоммуникация мамандарымен жүзеге асырылады. Біздің өңірде осы мамандық бойынша бітірушілердің білімі «Қазақтелеком» АҚ, «Қазақстан темір жолы» ЖАҚ ҰК, «КазФосфат» ЖШС, «Жылуэнергоорталық» АҚ, «Электрлік желі» АҚ, «ҚР қарулы күштер», «Қарашығанақ Petroleum», «ТенгизШевройл», «Казмұнай газ», «Халық банкі», «Бектұров атындағы ГРЭС» ААҚ және радиобайланыс, радиохабар және теледидар және т.б. мекемелерде сұранысқа ие. Бүгінгі таңда мобильдік байланыстың 4 операторы мен 100-ден астам телекоммуникациялық компаниялар бар, оларда көптеген пайда алып келумен қатар, бірыңғай жетілуде. Білімгерлер ұйымдастыру қабілеттілігі мен пайдаға асыру жұмыстарын алу мақсатында жоғарыда аталған мекемелерде әр түрлі тәжірибеден өтеді. Кітапхана «DarkLib» қолданбалы бағдарлама негізінде құрылған және қазіргі уақытта 5 мыңнан астам том жинақтары бар. Инновациялық технологиялардың басқа бағыттары кафедралық мультимедиялық кітапханасының құрылғаны болып табылады, ол барлық пәндерден жеке бейнекөріністер және презентациялар базаларынан тұрады.
КАФЕДРА БАКАЛАВРИАТ ЖӘНЕ МАГИСТРАТУРА ОҚУ БАҒДАРЛАМАЛАРЫ БОЙЫНША ТӨМЕНДЕГІДЕЙ МАМАНДЫҚТАР ДАЙЫНДАЙДЫ:
5В070200 - Автоматтандыру және басқару (бакалавр) 5В071900 - Радиотехника, электроника және телекоммуникация (бакалавр) 6М070200 - Автоматтандыру және басқару (магистратура) |