Жетістіктер

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ "ЖАСТАР ЖЫЛЫНА" АРНАЛҒАН М.Х. ДУЛАТИ АТЫНДАҒЫ ТАРАЗ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІНІҢ СТУДЕНТТЕРІ МЕН МАГИСТРАНТТАРЫ, ДОКТОРАНТТАРЫНЫҢ АРАСЫНДАҒЫ ФАКУЛЬТЕТАРАЛЫҚ СПАРТАКИАДАСЫНДА ҮСТЕЛ ТЕННИСІНЕН 3 ОРЫН ИЕЛЕНГЕН АҚПАРАТТЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАР, АВТОМАТИКА ЖӘНЕ ТЕЛЕКОММУНИКАЦИЯ ФАКУЛЬТЕТІ МАРАПАТТАЛАДЫ.

27.09.2015
1. Жамбыл Медициналық Колледжі қабырғасында өткізілген «Жас Отан» ЖҚ ауыспалы кубогі үшін өткізілген турнир. Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Абыройлы тарих ұлы болашаққа жетелейді» атты турнир. 
I орын «Керей мен Жәнібек» ТарМУ 
- Леббек Азамат
- Қарабаев Нурсеит 
3 – орын «Гуманитар мен Технократ» ТарМУ 
- Жолдыбай Бек 
- Абуғали Ерғали
2. М.Х.Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университеті «Гуманитарлық – әлеуметтік ғылымдар» факультеті және «Еркін Ойлар Алаңы» ИПК ұйымдастыруымен Қазақ хандығының 550 жылдығына орай «Тарихқа тағзым» атты факультетаралық пікірсайыс турнирінде 
Үздік спикер – Жолдыбай Бек
І орын – «Болашақ біздің қолымызда» 
- Жолдыбай Бек
- Оспан Нурдәулет

1.11.2015 жыл
3. «Қазақ хандығының 550 жылдығына» орай «Қазақ хандығының 550 жылдығы: тарихы мен болашағы» тақырыбында өткен облыстық жастар арасында пікірсайыс турнирі.
ІІІ орын – Жолдыбай Бек
- Қарабаев Нурсеит
Үздік спикер - Жолдыбай Бек

2014 жылдың қыркүйек айының 4 жұлдызында М.Х. Дулати атындағы Тараз мемлекеттік университетінің «6 қыркүйек-Халықаралық денсаулық күніне» арналған білімгерлер арасындағы жарыстан, «Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация» факультетінің студенттері орындармен мараппатталды. Атап айтсақ, Футболдан - 3 орын, Волейболдан - 3-орын, Арқан тартыстан - 3-орын, қол күрестен (қыздар арасында) - 3-орын, тоғыз-құмалақ (ұлдар арасында) - 1-орын және тоғыз-құмалақ (қыздар арасында) - 3-орын алып, дипломдармен мараппатталды.
2014 жылдың қараша айының 1 жұлдызында ТарМУ-дың «Су шаруашылығы, экология және құрылыс» факультетінің және «Еркін ойлар алаңы» ИПК ұйымдастыруымен Жамбыл облысының 75 жылдығына орай «Тарихтан тағылым-өткенге тағзым» атты факультет аралық пікірсайыс турнирі өтті. «Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация» факультетінің студенттері 1 орын «Ақиқат» фракциясы Ұлтанбаева Асима және Бекпенбет Мұхаметали және «Үздік спикер» номинациясы бойынша Қарабаев Нұрсейіт марапатталды. Біз студенттерімізбен мақтанамыз.

«Ақпараттық технологиялар, автоматика және телекоммуникация» факультетінің  В14РЭТ-3 тобының студенті  Жолдыбай Бек «Тараз қаласы әкімінің кубогы-2014» үшін «Еркін пікір» жастар қоғамдық бірлестігінің студенттер арасында өткізген пікірсайыс турнирінде 1-орын иеленді.  Сонымен қатар, В14РЭТ-5 тобының студенті Қарабаев Нұрсейіт 3-орын иегері атанды. Студенттерімізді осы жеңісімен құттықтаймыз. Алдағы  пікірсайыстарда жүлделі оралуларын тілейміз.

Top