ЖОСПАРЛАУ-ЭКОНОМИКАЛЫҚ БАСҚАРМА

МУСАЕВА АЙҒАНЫМ АЛТАЕВНА

МУСАЕВА АЙҒАНЫМ АЛТАЕВНА

Жоспарлау-экономикалық басқарма басшысы

Мекен-жайы: Сүлейменов көш. 9

Негізгі мақсат және бөлімнің атқаратын қызметтері:

ЖЭБ мақсаттарына:

- университеттің кезекті қаржы жылына арналған даму жоспарын жасау, оның орындалуын қадағалау;

- қаржылық көрсеткіштерді экономикалық талдау және даму жоспарын түзету;

- барлық қызмет түрлері бойынша кірістер мен шығыстардың жыл сайынғы сметасын жасау.

 ЖЭБ қызметінің негізгі қызметтік міндеттеріне жататындар:

- қаржыландыру көздері бойынша персоналдар категорииясы туралы  штат кестесін құру;

- тиісті бюджет негізінде мемлекеттік сатып алудың жылдық жоспарын әзірлеу.(даму жоспары);

- Мемлекеттік сатып алу жоспарының сақталуын бақылау және даму жоспарына бойынша шығыстарды талдау;

- университеттің құрылымдық бөлімшелермен бірлесіп, қаржылық, материалдық және еңбек ресурстарын, сондай-ақ университеттің қарамағындағы басқа да қаражатты мақсатты және тиімді пайдалануды қамтамасыз ету;

- университет көрсететін ақылы қызметтерге баға саясатын қалыптастыру;

- Басқарма қызметіне байланысты құжаттарды, сметаларды, калькуляцияларды және басқа да құжаттарды ресімдеуге қатысты жұмыстарды жүргізу кезінде университеттің құрылымдық бөлімшелеріне кеңес беру және көмек көрсету;

- университет қызметінің нақты түпкілікті қаржылық нәтижелерін анықтау, жоспарланған көрсеткіштермен салыстыру, жоспарлы көрсеткіштерден ауытқу себептерін анықтау, жағымсыз құбылыстарды жою бойынша шаралар әзірлеу;

- жоспарлау басқармасының жұмысын жетілдіруге бағытталған процестердің жай-күйін болжау және басқару;

- Университеттің өндірістік қызметін басқа құрылымдық бөлімшелермен қамтамасыз ету мақсатында өзара байланысын ұйымдастыру;

-жұмыскерлерден еңбек тәртібін бұзған жағдайда жазбаша түсініктеме талап ету;

- жұмыскерлерді марапатқа ұсыну үшін материалдар дайындау;

- жұмыскерлерді материалдық және тәртіптік жауапкершілікке тарту бойынша материалдар дайындау;

- еңбек қызметі үрдісінде жұмыскерлердің кәсіби, іскерлік және моральдық қасиеттерін зерделеу;

- ЖЭБ еңбек тәртібінің жағдайын және қызметкерлердің ішкі еңбек тәртібінің ережелерін сақтауын бақылау;

- министрліктер мен ведомстволардан, мекемелерден, ұйымдардан, әкімдіктерден, жоғары оқу орындарынан және басқа да заңды және жеке тұлғалардың келіп түскен барлық хат-хабарлардың орындалуын бақылауды жүзеге асыру;

- университеттің даму стратегиясын жүзеге асыру.

Top