ПЕДАГОГИКА ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ

Қабылдау телефоны: 8 (7262) 51-40-13

Мекен-жайы: Тараз қаласы, Жамбыл даңғылы, 16А

Факультет жайлы

М.Х. Дулати атындағы Тараз өңірлік университеті ректорының 2020 жылғы 2-ші қазаныңда жаңа құрылымына сәйкес «Ұстаз» институты құрылды.

2023 жылдың қазан айында университеттің жаңа құрылымдық өзгерістерге байланысты «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті болып қайта құрылды.

«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің білім беру бағдарламалары:

Бакалавр:

  • 6В01101-Педагогика және психология;
  • 6В01102-Балалар педагогикасы және психологиясы;
  • 6В01201-Мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу мамандарын даярлау;
  • 6В01301-Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі;
  • 6В01801-Әлеуметтік педагогтерді даярлау;
  • 6В01901-Логопедия;
  • 6В03111-Әлеуметтік саладағы психология;
  • 6В11115-«Мәдени-тынығу қызметі: театралдық қойылымдарды ұйымдастыру және режиссура»;
  • 6В11116-«Мәдени-тынығу қызметі: бұқаралық қойылымдарды ұйымдастыру және вокалдық орындаушылық»;
  • 6В11117-«Мәдени-тынығу қызметі: бос уақытты ұйымдастыру және педагогикасы»;
  • 6В02101-«Хореография»;
  • 6В01402-«Музыка мұғалімдерін даярлау»;
  • 6В01403-Көркем еңбек және сызу мұғалімдерін даярлау;
  • 6В01408-«Кәсіптік оқыту». 

Магистратура:

  • 7М01101-Педагогика және психология;
  • 7М01103-Білім беруді басқару психологиясы;
  • 7M01102- Педагогикалық өлшемдер;
  • 7М01105-Білім берудегі менеджмент;
  • 7М01801-Әлеуметтік педагогтарді даярлау;
  • 7М01804-Әлеуметтік және арнайы педагогика мамандарын даярлау;
  • 7М03111-«Кәсіби іс-әрекеттегі және әлеуметтік саладағы психология», ғылыми-педагогикалық бағыт;
  • 7М03112-«Кәсіби іс-әрекеттегі және әлеуметтік саладағы психология» бейіндік бағыт.

Факультеттің мақсаты педагогикалық білім беруді жаңғырту, білім берудің жаңа сапасына қол жеткізуге. Қазіргі уақытта жаңғырту міндеттерінің бірі – білім алушылардың заманауи мектеп жағдайында зияткерлік мүмкіндіктерінің кең аясын дамытуға қабілетті, зерттеулер, рефлексия мен өз әріптестерімен өзара әрекеттер арқылы өз-өзін жетілдіруге дайын, жоғары академиялық білімдері, кәсіби дағдылары мен құзыреттіліктері бар мұғалімдерді даярлау жүйесін дамыту болып табылады.

«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің миссиясы - Инновациялық педагогикалық тәжірибе негізінде адами капиталды дайындау және құндылықтары: ашықтық, тазалық, креативтілік.

Өз қызметінде факультет келесі принциптерді басшылыққа алады:

1. Заңдылық және әлеуметтік міндет.

«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті ҚР-ның қазіргі заңнамаларына, университеттің даму Стратегиясына сәйкес өз қызметін жүзеге асырады.

2. Өз ісіне берілгендігі мен Академиялық адалдық.

«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті педагогтың жеке адалдығын дамыта отырып педагогикалық кәсібіне берілгендік пен жауапкершілік сезімдерін қалыптастырады.

3. Инновациялық және академиялық еркіндік.

«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті үнемі оқытудың студент орталықтандырылған, тәжірибеге-бағдарланған әдіс-тәсілдерін қолдануға ұмтылады.

4. Ынтымақтастық – өзара әрекеттестік – креативтілік.

«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті ынтымақтастық, өзара әрекеттестік және креативтік қызмет негізінде педагогтар мен білім алушылардың үздіксіз оқытылуы үшін жағдайлар мен мүмкіндіктер жасайды.

5. Білім беру, ғылым және тәжірибенің кіріктірілуі.

«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті ғылыми зерттеулер мен тәжірибелер білім беру үрдісінің ажырамас бөлігі болып табылады.

Берілген Принциптерін белсенді түрде насихаттау және оны ұстану «Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің қоғамдық санасында Академиялық адалдық аумағы ретінде қалыптасуына ықпал етеді.

«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінің стратегиялық қызмет бағыттары:  

  1. Педагогикалық білім беруді дамыту;
  2. Академиялық саясат;
  3. Инновациялық әлеуетті дамыту және оның жетістіктері;
  4. Әлеуметтік жаңғырту және тәрбие.
Деканат
ТУРАРОВА АЙСҰЛУ НУРДЫНОВНА

«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультет деканы, қауымдастырылған профессор (доцент)

Ғылыми дәрежесі: ф. ғ. к

Байланыс телефоны: 87028231721

Мекен-жайы: Жамбыл даңғылы 16А, 5.1.208

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Сұрақ қою

Дуйсенбеков Еркебулан Бакытжанович

Оқу-әдістемелік жұмыстар жөніндегі деканның орынбасары

Ғылыми дәрежесі: педагогика магистрі

Байланыс телефоны: 87751092669

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Жамбыл даңғылы 16А, 5.1.212


АРАЛБАЕВА АЙЗАТ ҒАНИҚЫЗЫ

Тәрбие жұмыстары жөніндегі деканның орынбасары

Ғылыми дәрежесі: педагогика магистрі

Байланыс телефоны: 87477020611

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Жамбыл даңғылы 16А, 5.1.212


СУРАБАЛДИЕВА БАХЫТ ТУРСЫНОВНА

Ғылыми жұмыстары жөніндегі деканның орынбасары

Ғылыми дәрежесі: педагогика магистрі

Байланыс телефоны: 87476826860

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Жамбыл даңғылы 16А, 5.1.212


ТОКТАРБАЕВА ГУЛЬВИРА МЫРЗАГАЛИЕВНА

Маман

Байланыс телефоны: 87056152776

E-mail: Бұл электронды пошта мекен-жайы спам-боттардан қорғалған. Көру үшін сіздің браузеріңізде JavaScript қосулы тұруы тиіс.

Мекен-жайы: Жамбыл даңғылы 16А, 5.1.212

Материалдық-техникалық базасы

Факультет білім беру бағдарламаларын дайындау үшін барлық оқу процесіне қажетті оқу-материалдарымен қамтамасыз етілген. Факультеттің ғимараттары санитарлық нормалар мен өртке қарсы қауіпсіздік құралдарымен жабдықталған. Оқу аудиториялары, лабораториялық базалар, оқу кабинеттері, жатақхана және басқа да орындар, спорттық кешендер бекітілген нормалар мен тәртәпке сай. Факультетте 5 оқу ғимараты, 1 жатақхана, 15 арнайы аудиториялар бар.

Білім беру бағдарламаларының материалдық-техникалық базасы жаңарту және жетілдіру мақсатында жоспарлы жұмыстар атқарылуда.

Факультетте 2 компьютерлік класс, 2 электронды оқу залы бар. Сондай-ақ 10 заманауи интерактивті проектор және 1 мобильді LED жүйемен жабдықталған.

Факультет жетістігі

«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультетінде ғылыми және салалық академия мүшелері мен байқау лауреаттары болып табылатын профессор-оқытушылар құрамы қызмет етеді. Кешендер институттың үздік бітірушілерімен ұдайы толықтырылып отырады.

«Педагогика және әлеуметтік ғылымдар» факультеті тұрақты түрде «Жыл маманы», «Сала көшбасшысы», «ЖОО Үздік оқытушысы», «Үздік педагог», «Ең үздік ғылым кандидаты», «Құрмет грамоталары», «Алғыс хатттармен» және т.б.  номинациялар бойынша ұлттық сертификаттарға ие.

Факультет студент бойында тұлғалық, әділдік, кәсіби борышына адалдық және басқа адамдардың құқықтары мен қадір-қасиетіне құрметпен қарау сынды құндылықтар мен ұстанымдарды дамытуға ұмтылады.

Түлектерімізбен мақтанамыз

Исимбаева Гүлмира Истайбекқызы

1978 жылы филология факультетін бітірді.

ҚР Парламенті Мәжілісі Төрағасының орынбасары.

Миразова Аягүл Төреқызы

1972 жылы математика факультетін бітірді.

Алматы қаласындағы Ы.Алтынсарин атындағы №159 көпсалалы гимназияның директоры


Буданбеков Дамир

Филология факультетін бітірген, атақты спорт шебері.

ҚР бокстан құрама командасының бас жаттықтырушысы, бірнеше шет елдерде спорт шеберлерін дайындаған жаттықтырушы.

Жұмаділов Болат

Әлем біріншіліктерінің жеңімпазы және жүлдегері, екі дүркін олимпиада ойындарының жүлдегері, еңбегі сіңген спорт шебері, Құрмет және Парасат ордендерінің иегері, ІІМ ішкі әскери капитаны,


Ниязымбетов Болат

Боксшы. 1996 жылы Олимпиадалық ойындардың қола жүлдегері. Көптеген халықаралық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері.

Шәріпова Феруза

Әйелдер арасында кәсіпқой бокстан Әлем чемпионы.


Досымжан Таңатаров

Қазақстанның еңбегі сіңірген қайраткер. Дарын мемлекеттік жастар сыйлығының иегері

Кұрмаш Махан

Композитор, әнші


Тахмина Әшімбекова

Әнші, XIII халықаралық “Азия дауысы” фестивалінің лауреаты

Бейбіт Сейдуалиева

Әнші

Ғылыми-зерттеу жұмыстары

Факултет  ПОҚ-ның ғылыми-зерттеу жұмысының саясаты жаратылыстану-математикалық және гуманитарлық-педагогикалық ғылымдары саласында іргелі, ізденіс және қолданбалы жұмыстарды жүзеге асыруға бағытталған.

Жұмыс берушілермен бірлесіп орындалған ҒЗЖ және СҒЗЖ нәтижелері ЖОО білім беру үрдісіне белсенді түрде енгізілуде. ҒЗЖ және СҒЗЖ өз алаңында белсенді зерттеу және жоба қызметіне дайын талантты жастарды біріктіреді.

Факультетте ғылыми-зерттеу жұмыстары бойынша 5 ғылыми жоба қаржыландырылған. Биылғы оқу жылында институт ғалымдары тарапынан 7 монография басылып шыққан. 432 ғылыми мақала, оның ішінде 280 халықаралық басылымдарда, нөлдік импакт-фактор журналдарында оқытушы-профессорлық құрамның 22 мақаласы жарық көрген.

СҒЗЖ  бойынша конференцияларға қатысқан студенттер саны 249, көрмелер мен байқауларға қатысып, жүлделі орын алғандар саны 56, соның ішінде халықаралық 13, республикалық 30, жергілікті 13.

Факультетте  12 ғылыми үйірме жұмыстары жүргізіледі. СҒҮ қызметінің негізгі мақсаты студенттердің ғылыми-зерттеу қызметін қарқындату, олардың ғылыми зерттеулерге қатысу жолымен, әр студент үшін өзінің қабілеттері мен қажеттіліктеріне сәйкес жеке тұлғаның шығармашылық дамуына өз құқығын жүзеге асыру мүмкіндігін қамтамасыз ету.

Оқу-әдістемелік жұмыстар

Факултетте 14 бакалавриат, 8 магистратура бойынша білім беру бағдарламасы жүзеге асырылады. Білім беру бағдарламалары мазмұны әлеуметтік серіктестер мен жұмыс берушілердің сұраныстарына бағытталған.

Студенттер контингенті 1645 адамды құрайды (грантта оқитындар саны 574 студент). Факультет ПОҚ-ы алдыңғы қатарлы шетел, республикалық ЖОО және орталықтарында жыл сайын біліктілерін жоғарылатады: New Castle университеті (Ұлыбритания), Вильдау қолданбалы ғылымдар университеті (Германия), Ұлы Витаутас университеті (Литва), Senior Expert Service, НЗМ ДББҰ педагогикалық шеберлік орталығы, «Өрлеу» БАҰО АҚ, Абай атындағы ҚазҰПУ, әл-Фараби атындағы ҚазҰУ және т.б., ғылыми-әдістемелік конференцияларына, семинарларына, тренингтерге белсенді түрде қатысады.

Факультетте дуалды оқытудың элементтері бірқатар білім беру бағдарламасымен іске асырылуда. «Мектепке дейінгі оқыту және тәрбие» бойынша - «Інжу» балабақшасы мектепке дейінгі білім мекемесінде және №33, №35 орта мектептерінде өтеді. Қазіргі уақытта факультеттің жұмыс берушілерімен тиімді қарым-қатынас жасасуы үшін дуалды оқыту бойынша оқу, ғылыми зерттеулер мен студенттердің кәсіби тәжірибелері өтетін мекемелер мен ұйымдарда кафедралардың 17 филиалы қызмет етеді.

Тәрбие жұмыстары

Факультеттің  басты міндеттерінің бірі жастардың бойында жоғары азаматтық және адамгершілік ұстанымын, патриоттық сезімі мен жауапкершілігін жоғары жастарды тәрбиелеу іс-шараларының кешенін жүзеге асыру.

Факультеттегі  студенттік өзін-өзі басқару құрылымының жұмысы бойынша белсенді студенттерінің бастамасымен «Жас көшбасшылар қауымдастығы» құрылды. Қауымдастықтың мақсаты:

  • Жастардың интеллектуалдық, әлеуметтік – мәдени, профессионалдық, саяси – құқықтық, рухани және физикалық құндылығын дамыту.
  • Факультет  жастарының құқықтары мен заңды мүдделерін қорғау. Жастарды қоғамдық саяси өмірге тарту.
  • Қоғамдық және әлеуметтік жұмыстарға ат салысатын жастарды қолдау.
Top