Дулати Университетіндегі кешенді ішкі аудиттің қорытындылары
ISO 9001:2015 рәсімдеріне сәйкес 2024 жылдың қаңтар және ақпан айларында аккредиттеу, рейтинг және сапаны қамтамасыз ету бөлімі Дулати университетінің барлық құрылымдық бөлімшелерінің, оның ішінде кафедралардың, деканаттардың, бөлімдердің, орталықтардың және т.б. қызметіне кешенді ішкі аудит жүргізді.
Кешенді тексеру басталғанға дейін Стратегиялық даму басқармасы ішкі аудиторлар мен құрылымдық бөлімшелер басшыларының ашылу жиналысын өткізді, онда олар аудит бағдарламасымен және оның негізгі критерийлерімен танысты.
Жұмысқа тәжірибелі оқытушылар мен бөлім қызметкерлері қатарынан 5 аудиторлық топ жұмылдырылды. Барлық аудиторлар Қазақстандық сапа ұйымының қолданыстағы сертификатына ие және «ISO 9001:2015 (ҚР СТ ИСО 9001-2016) талаптарына сәйкес сапа менеджменті жүйесінің ішкі аудиторлары» ретінде аттестатталған.