"Қазіргі студенттің басты құндылықтары қандай?»
Жатақханада тұратын "Орыс тілі мен әдебиеті мұғалімдерін даярлау" білім беру бағдарламасының 2-3 курс студенттері бірқатар өзекті мәселелерді талқылады:
- Қазіргі студенттің негізгі құндылықтары қандай?
- Соңғы 10-20 жылда студенттердің құндылықтары қалай өзгерді?
- Қазіргі уақытта жас болу оңай ма?
- Өмірдегі сәттілікті не анықтайды: еңбекқорлық, талант немесе жағдай және басқалар?
Аталған мәселелерді қызу талқылау нәтижесінде паікір алмасуға қатысушылар қазіргі студент еркін, тәуелсіз, шығармашылық, бастамашыл, қоғамның саяси, әлеуметтік және экономикалық мәселелеріне бей – жай қарамайтын адам деген бірауыздан қорытындыға келді. Олардың көпшілігі негізгі құндылықтарды талқылай отырып, достықты, сүйіспеншілікті, адалдықты, әділеттілікті, сондай-ақ кәсіпқойлықты, жауапкершілікті, өзін-өзі жүзеге асыра білуді, қоғамда лайықты орын алуды, мойындауға ие болуды атады.
Іс-шараны "Педагогика және әлеуметтік ғылымдар" факультетінің 2 курс студенттері Бөлекбай Бексұлтан, Сәпиев Ернұр және Бақтияр Дарын жанды халық күйлерін, белгілі қазақ композиторларының әндерін орындаған кәсіби өнер көрсетті.
Іс-шараны «Орыс тілі мен әдебиеті» кафедрасының доценттері А. А. Аладьина, М. Е. Минайдарова, аға оқытушы Ж. Б. Мыханова, оқытушы Ж. Г. Сәрсембек. ұйымдастырып өткізді
Пікір алмасуға қатысушы студенттер кафедра оқытушыларына осындай пайдалы, өзекті іс-шара ұйымдастырып, заманауи студент жастардың проблемалары туралы ойлануға шын жүректен, жылы лебіздерін білдірді.
аға оқытушы Мыханова Ж. Б.