Қолыңмен ұстап, жүрекпен сезін!

Дулати университеті мұражайында мүмкіндігі шектеулі жандарға арналған «Қолыңмен ұстап, жүрекпен сезін!» атты «Тифломузей» жобасы аясында құнды тарихи жәдігерлерден QR-код арқылы жасақталған тұрақты бұрыш ашылды. Шараны Жамбыл облыстық көзі көрмейтін және әлсіз көретін азаматтар кітапханасының ұйымдастырды.

Арнайы бұрышта заманауи үлгідегі QR-код қойылған экспозицияда, смартфонға жәдігердің кодын енгізу арқылы өткен шаққа саяхат жасауға болады. Осылайша, QR-код арқылы тарихи жәдігерлерді қолмен ұстап, смартфонның көмегімен тарихын тыңдау мүмкіндігі қарастырылған. Шығармашылық факультет студенттері мен магистранттарының ұлттық құндылықты дәріптеу мақсатында жасаған өлкеміздің флора фаунасы, археология, нумизматика, этнография, жүн, былғары, ши, тоқыма, ағаш буйымдарынан шыққан дипломдық жұмыстары назарға ұсынылып, көпшілік көңілінен шықты.

журекпен сезын музей1111журекуаке сезын музей2222

журекпен сезын музе33333

 

 

Top